ПРЕСС РЕЛИЗ

65 

Үстіміздегі жылдың 7 қараша күні, сағ. 16.00-де Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының концерт залында Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен «Елеулі есімдер» жобасы аясында Тарих ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Тұяқбай Рысбеков пен Тарих ғылымдарының докторы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры Баян Шынтеміровамен «МЕРЕЙЛІ ҒАЛЫМ, МЕЙІРІМДІ ҰСТАЗ» кездесу кеші өтеді.

Мақсаты: Саналы өмірлерінің сан жылдарын ұстаздыққа, ғылымға арнаған тынымсыз ізденіске толы еңбек жолдарын насихаттау. Бір отбасында тұрып ұлы Отанның тарихын түгендеп жүрген қос тұлғаны кейінгі ұрпаққа үлгі ету.

Шарада: кеш иелері Тұяқбай Зейітұлы мен Баян Ғаббасқызына сұрақтар қойылады. Ұстаздардың шәкірт тәрбиелеудегі, сондай-ақ, тарихты зерттеп, зерделеудегі еңбектері жайында кеңінен әңгіме айтылады. Кездесу кешінде әріптестері, елімізге танымал ғалым-ұстаздар сөз сөйлейді. Жергілікті әншілердің орындауында ел мен жер, әке-ана, перзент тақырыбындағы әндер шырқалады.

Шақырулы қонақтар: Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы Ә.Тасмағанбетов, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғылыми орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Сабыр,  Тарих ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті Ж.ЖақсығалиевБатыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Қ.Болатова, т.б. зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері, қала тұрғындары.