Пресс-релиз

Үстіміздегі жылдың 25 наурыз күні сағат 18.30-да қазақ драма театрында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының 50 жылдығы аясында өнер жолында аянбай қызмет еткен, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің негізін қалаған, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қырымгерей Қажымовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Сырға толы саз-ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтеді.

Кешке танымал дирижерлар және филармония өнерпаздары қатысады.