Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мәдениет басқармасының қолдауымен, Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы, «Жастар жылы» аясында өтетін

 ЖЕКПЕ-ЖЕК АҚЫНДАР АЙТЫСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Өтетін күні мен уақыты: 25 шілде 2019 жыл, сағ. 20.00 – 22.00

Өтетін орны: Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының амфитеатры

19.00 – 19.50

Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының амфитеатры мерекеге сай жабдықталған(музыка ойнап тұрады). Келген қонақтар, көрермендер амфитеатрда жиналады.

«Серілер» тобы сахнада отырады.

20.00

ХАБАРЛАУСЫЗ

Түркештің күйі «Көңіл ашар»

Орындайтын: «Серілер» тобы

20.05

Дабыл қағылады.

Ортаға ұлттық киімдер киген жаршы жігіттер шығады.

20.05

Жігіттер жар салып, елге ақындардың келгенін хабарлайды.

20.10

Фанфара беріледі.

Жүргізуші көрермендермен амандасып, ақындарды кезекпен сахнаның алдына шақырады. Ақындар ұлттық киім киген нөкерлерімен келеді.

Ақындардың фотолары мен жетістіктері туралы қысқаша ақпарат ЛЭД экраннан көрсетіледі.

Жекпе-жек айтысқа қатысатын 4 ақын да өз орындарына келіп тұрады.

20.20

Құттықтау сөз Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Нәжімеденұлы Есқалиевке беріледі.

20.25

Жүргізуші ақындарды шығарып салады.

20.30 – 21.10

1-ші жұп ақындар айтысады.

МҰХТАР НИЯЗОВ - ТАЛҒАТ МЫҚИ

21.15

Халықаралық, республикалық жыршы-термешілердің бірнеше дүркін иегері, жыршы-термеші Фархат Оразовтың орындауында ән.

21.20 – 21.50

2-ші жұп ақындар айтысады.

ЖАНСАЯ МУСИНА – ШАЛҚАРБАЙ ІЗБАСАРОВ

21.50 – 22.00

Қорытынды сөз.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілері» Одағының басқарма төрағасы, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі дүркін лауреаты, ақын Жүрсін Ерман.