ПРЕСС  РЕЛИЗ

29 ақпан күні сағат 18.30-да облыстық мәдениет және өнер орталығының концерт залындаБатыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық мәдениет және өнер орталығының ұйымдастыруымен  өтетін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, термеші Қ.Бердіғалиевтың орындауындағы «Айман-Шолпан» жырының баспасөз мәлімдемесі.

Мақсаты:Халқымыздың қазыналы жырларын бүгінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау, мың жылдық тарихы бар қазақтың лиро-эпостық жырын дәріптеу, оның тәрбиелік мәнін, ерлік пен батырлыққа, махаббат пен адалдыққа жетелейтін көріністерін жастарға үлгі ету.

Шарада: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші, термеші Қ.Бердіғалиев уақыты 2 сағатқа созылатын «Айман-Шолпан» лиро-эпостық жырын үзіліссіз орындайды.