Пресс-релиз


     2017 жылдың 17 мамыр күні сағат 16.00-де  облыс әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қазақ драма театрында КСРО-ның және Қазақстанның Халық әртісі, актриса Х.Бөкееваның туғанына 100 жыл толуына орай өткізілетін шаралардың салтанатты ашылуы өтеді.
     «Хас талант-Хадиша» атты кештің құрметті қонақтары - Қазақ КСР-нің Халық әртісі Құман Тастанбеков, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешева және Қазақстан Жазушылар   және Журналистер  одағының мүшесі, «Хадиша Бөкеева» атты кітабінің авторы Сара Латиева.
    Көрермен назарына жерлесіміз, актриса Х.Бөкееваның өмірі туралы баяндайтын әдеби-сазды театрландырылған қойылым, концерттік бағдарлама  ұсынылатын болады.
      Ү.ж. 18-19 күндері  Х.Бөкееваның 100 жылдығына арналған шаралар Казталов ауданында  жалғасады.
     Бағдарламада: 18 мамыр күні - кеудетұғырдың ашылуы, фотокөрме мен «Өмірін өнерімен өрнектеген» атты театрландырылған қойылым, мерекелік концерт пен отшашу, 19 мамыр күні - дала қызықтары.