ПРЕСС-РЕЛИЗ


     Үстіміздегі жылдың 29 маусым күні, сағат  16.00-де облыстық мәдениет және өнер орталығының концерт залында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Алашорда қозғалысының 100 жылдығына орай, алаш қайраткері Жаһанша Досмұхамедовтың құрметіне «Ұлықтауға лайық ұлт зиялысы» атты облыстық жыр мүшәйрасының қорытындысы өтеді.
     Мақсаты: Алашорда қозғалысының 100 жылдығына орай, Жаһанша Досмұхамедовтың құрметіне арналып, алдын-ала жарияланған бәйгенің, қазылар алқасының шешімі бойынша шыққан қорытындысын жариялап, жеңімпаз бен жүлдегерлерді марапаттау; өлең өлкесіндегі жас ақындарға тарихты жырлату арқылы патриоттық тәрбие беру; Алаш қайраткерлерінің есімін дәріптеу.
    Шарада: Қазылар алқасы байқауға қатысқан жас ақындардың шығармашылығына пікір айтып, өз бағаларын береді. Жүлдеге лайық деп танылған өлеңнің авторларына дипломдар мен сыйлықтар табыстайды. Шара барысында жүлдегер ақындар жырларын оқып, жергілікті әншілер өнер көрсетеді.
     Шақырулы қонақтар: Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайынов, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын А.Бақтыгереева, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі А.Нәріков, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, ақын Ғ.Сейтақ, ақын, журналист М.Қажиахметов, Т.Таймасұлы, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ, өңіріміздегі жас ақындар.