ПРЕСС РЕЛИЗ


    Үстіміздегі жылдың 11 қазан күні, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі, ұстаз, ақын Ақмаржан Таубаеваның шығармашылығына арналған «Құлын дауысты жыр-әлем» атты еске алу кеші өтеді.
     Мақсаты: Еліне адал қызмет еткен ұстаз, ақын, журналисті еске алып, есімін ұлықтау; өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау; ұрпаққа үлгі ету.
     Шарада: А.Таубаеваның өнердегі және қызметтегі әріптестері сөз сөйлеп, ғибратты естеліктер айтылады; поэзиялық жырларын оқушылар мен студенттер оқиды; сөзіне жазылған әндер шырқалады.
    Шақырулы қонақтар: Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының м.а. Қ.Мұсағалиев, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының м.а. З.Гумарова, Орал қалалық білім бөлімінің басшысы Ж.Төремұратова, Теректі ауданының әкімі К.Жақыпов, Ақжайық ауданының әкімі Ә.Жоламанов, Қазақстан Жазушылар одағы БҚО филиалының төрөйымы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын А.Бақтыгереева, сондай-ақ, Теректі және Ақжайық аудандарының зиялы қауым өкілдерімен қатар, өңіріміздің белгілі журналистері мен ұстаздары, студенттер мен оқушылар, қала тұрғындары мен қала қонақтары.