Пресс-релиз

БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен ү.ж. 17 қазан күні сағат 18.00-де филармонияның концерт залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы аясында «Ғасырлар сазы» атты концерт өтеді.

Концертте: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Бердіғалиев, «Құрмет» орденінің иегері Ермек Қазиев, ҚР еңбек сіңірген артисі Сәуле Таудаева, ҚР мәдениет қайраткерлері  Сағадат Рахметжанов, Жәмиля Нұрымбетова, Ғ.Құрманғалиев және Ә.Қашаубаев атындағы Республикалық конкурстардың лауреаты Серік Абдрахманов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Дастан Есентеміров және өзгеде артистер өнер көрсететін болады.

Кіру тегін.