Пресс-релиз


     «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылдың  3 қараша күні сағат 18.00-де филармонияның концерт залында күйші-композитор Әлшекей Бектібайұлының 170 жылдығына арналған Дәулеткерей  атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің   «Өмір толқыны» атты концерті өтеді. Окестрдің көркемдік жетекшісі  және бас дирижеры «Құрмет» орденінің иегері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Еркін Нұрымбетов, дирижеры-ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қырымгерей Қажымов.
     Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Бердіғалиев, «Құрмет» орденінің иегері Ермек Қазиев, ҚР еңбек сіңірген артисі Сәуле Таудаева, ҚР мәдениет қайраткерлері  Жәмиля Нұрымбетова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Жаңылсын Хасанова, Айбар Хайрханов,  Мәдениет саласының үздігі Камалиден Айтбаев, Республикалық конкурстардың лауреаты Жұмабай Шерниязов, Ақылбек Бектасов, Мөлдір Жалмұханбетова өнер көрсететін болады.
     Кіру тегін.
     Байланыс телефоны: 51-55-10.