ПРЕСС-РЕЛИЗ


     Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында 2017 жылдың 27 қараша күні сағат 18.00-де Қазақ драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншісі Мұрат Әмірхановтың «Өмірім де, өнерім де ән!» атты жеке шығармашылық кеші өтеді.
     Концертке Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары, орыс халық аспаптары оркестрі және Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы эстрада-симфониялық оркестрі, «Классика» камералық ансамблі өнер көрсететін болады.
     Кіру тегін.
     Байланыс телефоны:51-55-10