Пресс-релиз

«Тозақ шеңбері»

(драма)

Ағымдағы жылдың 10-11 желтоқсан   күні сағат  18.00 - де Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры  С.Досановтың «Тозақ шеңбері» қойылымының  премьерасын ұсынады. Премьераға қойылымның  авторы  Қазақстан Республикасынынң мемлекеттік сыйлығының иегері, М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлығының лауреаты- Сәбит Досанов арнайы келіп қатысады.

Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут.

Қойылымның режиссері – Самал Абуов 

Қоюшы суретшісі – Мұрат Мамбетов   

 

Қойылым туралы қысқаша дерек:

Қойылымның авторы, драматург Сәбит Досанов «Менің осы қойылым арқылы жеткізгім келгені – Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ, егемендіктің бағасын білейік деген ой», - дейді. Шынында да бұл қойылымның өзегі болып табылатын Желтоқсан – 86 оқиғасы, ел намысы үшін бастарын қатерге тіккен жастар – қазақ халқының Тәуелсіздік үшін күресінің ажырамас бір бөлігі.