Пресс-релиз

     Үстіміздегі жылдың 2 ақпан күні сағат 16.00-де Қазақ драма театрында  Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының 50 жылдық мерейтойына арналған шара өтеді.
     Шара барысында филармония тарихынан көрме жасақталады, марапаттаулар және филармонияның өнер ұжымдарымен артистернің қатысуымен концерт ұсынылатын болады.

Пресс-релиз

     Ү.ж. 25 қаңтар күні сағат 18.30-да облыстық филармонияның Кіші залында Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты, Қарағанды облыстық Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігі Тәтімбет атындағы Академиялық оркестрінің концертмейстері, қобызшы Айгүл Аужанованың «Қоңыр қобыз» атты концерті өтеді.
     Концертте: Дәулеткерей атындағы қазақ халық  аспаптары оркестрі,  оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры  - «Құрмет» орденінің иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Еркін Нұрымбетов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Айбар Хайрханов, Мәдениет саласының үздігі Камалиден Айтбаев өнер көрсететін болады.

Пресс-релиз


     2017 жылдың 20 қаңтар күні сағат 18.00-де  филармонияның концерт залында Республикалық конкурстардың лауреаты,  жыршы-термеші Фархат Оразовтың  «Бабадан қалған жауһар жыр» атты жеке шығармашылық концерті өтеді.
     Концертте: «Орал сазы» фольклорлық ансамблі /жетекшісі А.Кенжеғалиев/, ҚР еңбек сіңірген артисі Сәуле Таудаева, ҚР Мәдениет саласының үздігі Қайрат Кәкім, Асхат Ораз, Халықаралық,  Республикалық конкурстардың лауреаты: Ақмарал Кемелханова, Жақсылық Исламғалиев, Армат Исламғалиев, Артур Сисенов, Қоныс Юсуповтар өнер көрсететін болады.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

     Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен 27 желтоқсан күні сағат 18.30-да  филармонияның концерт залында  танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін «Жаңа-жылдық оперетта кеші» атты концерт өтеді.
     Концертте: «Классика» камералық ансамблі, «Орда» триосы, «Назерке» халық биі ансамблі /балетмейстерлері А.Тасболатова, М.Сүндетқалиева/, «Құрмет» орденінің иегері Қ.Қожақов, ҚР еңбек сіңірген артисі Ж. Рахимова, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері М.Әмірханов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері А.Хайрханов, Э.Усаева, Мәдениет саласының үздігі К.Айтбаев, Республикалық конкурстардың лауреаты: А.Жұмалиева, А.Ахметова, А.Оразов, А.Ажғалиева, А.Бектасов,  Г.Калашникова, концерт-жүргізуші Л.Косенка, концертмейстер Г.Тащанова өнер көрсететін болады.

Пресс-Релиз

    Үстіміздегі жылдың 7 желтоқсан күні сағат 18.30-да филармонияның концерт залында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Гнесин атындағы Ресей музыка академиясының түлегі Сауле Алғазиеваның «Фортепиано музыкасының кеші» атты қайырымдылық концерті өтеді.
     Бағдарламада Бетховеннің, Шопеннің, Б.Жұманиязовтың, Н.Жиғановтың және С.Алғазиеваның шығармалары орындалатын болады.
     Концертте Амира Байрамова, Ангелина Черыкаева өнер көрсетеді.

«Дегдар» Гуманитарлық қорының ұйымдастыруымен
«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы шеңберінде өтетін қайырымдылық концертінің
БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

     «Дегдар» Гуманитарлық қорының «Ұрпақтар сабақтастығы» атты жобасы шеңберінде 2016 жылдың 18 қараша күні Ғ.Құрманғалиев атындағы  облыстық филармониясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Желтұрғызов және профессор Тимур Урманчеев (фортепиано),  ҚР Мемлекеттік «Forte-trio» триосының мүшелері, халықаралық байқаулардың лауреаттары Еркебұлан Сапарбаев (скрипка) және Мұрат Нарбековтың (виолончель) қатысуымен қайырымдылық концерті ұйымдастырылмақ.      
     «Дегдар» Гуманитарлық қорының 6 жылдай уақыт ішінде елімізде «Времен связующая нить» атты жобасы шеңберінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында ауқымды іс-шаралар өткізуде.
     Шараның мақсаты: соғыс жылдарының қиындықтарын бастан өткерген ардагерлер мен жас буын арасында рухани байланыс орнату, сонымен қатар қайырымдылық акция шеңберінде ардагерлерге материалдық жағынан да қолдау көрсету. 
    Шараға облыс басшылығы, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, қоғамдық ұйым мен  бірлестіктердің өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері және белсенді жастар қатысуы жоспарлануда.
     Өтетін орны: Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық   филармониясы
     Өтетін уақыты: 18 қараша 2016 жыл, сағат 18.30-де.
     Байланыс үшін: 282165, 237039

Пресс-релиз

     Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы кереметтей ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ мерекелік бағдарлама ұсынады.
   Бағдарламада: аяз ата, ақшақар, жайық жұлдыздары, эстарада әншілері (жаңа жылдық әндерімен), классикалық әншілер, аспапта орындаушы музыканттар, кеш жүргізушілері және хореографиялық көріністер өнер көрсетеді.