ПРЕСС-РЕЛИЗ

Үстіміздегі жылдың 9 желтоқсан күні сағат 18.00-де қазақ драма театрында Ғазиза Жұбанова атындағы  Ақтөбе  облыстық  филармониясының Қазақ камералық хорының концерті өтеді. 

Концерттік бағдарламада қазақ, орыс және шетел композиторларының әндері орындалатын болады.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Үстіміздегі жылдың 28 қараша күні сағат 18.30-да  облыстық қазақ драма театрында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жаңылсын Хасанованың шығармашылық концерті өтеді.

Концертте: Батыс Қазақстан эстрадалық-симфониялық оркестрі /дирижеры А.Хасанов/, «Назерке» халық биі ансамблі /балетмейстрлері А.Тасболатова, М.Сүндетқалиева/, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Ж.Ғайсағалиев, М.Сарбөпеев, Мәдениет саласының үздігі М.Хайдарова, Республикалық конкурстардың лауреаттары: Д.Есентеміров, Е.Өмірәлі, Д.Бақытова,  А.Шекеева, А.Ажғалиева, Д.Сатыбаев, А.Оразов, Г.Бекмашева, А.Бектасов, Г.Жанғалиева өнер көрсететін болады.

Пресс-релиз

Үстіміздегі жылдың 11 қараша күні сағат 18.00-де филармонияның  концерт залында ағайынды  Ришад, Муслим Абдуллиндердің туғанына 100 жыл толуына  арналған ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Бердіғалиев және Республикалық конкурстардың лауреаты Айбар Хайрхановтың «Егіз әуен, қос қанат» атты дуэт кеші өтеді.

Концертте Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі, оркестрдің  көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Мәдениет саласының үздігі - Еркін Нұрымбетов, дирижеры -  ҚР  еңбек сіңірген қайраткері Қырымгерей Қажымов, Республикалық байқаулардың лауреаттары: Дастан Есентеміров, Ернар Өмірәлі, Ақылбек Бектасов, Республикалық байқаулардың дипломанты Мөлдір Жалмұхамбетова өнер көрсететін болады.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен ү.ж. 25 қазан күні сағат 18.00-де филармонияның концерт залында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында әнші-композитор  Кентау Назарбектің «Қазақ елі - байтағым» атты шығармашылық кеші өтеді.

Кеште: Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі, айтыскер ақын Әсем Ережеқызы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жаңылсын Хасанова, ҚР  Мәдениет саласының үздігі Майра Хайдарова, Респуликалық конкурстардың лауреаты Жасұлан Мұсағали,  Әсем Бақберген, Есет Садуақасов, Дария Бақытова,  Айбар Хайрханов, Асланбек Қуаналиев, Дархан Құлбабаев, Айдана Ажғалиева, Мади Сабыров, Айым Шекеева өнер көрсетеді.

ПРЕСС - РЕЛИЗ

     Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толу аясында ағымдағы жылдың  18-20 қазан күндері Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Халық композиторы, әнші-ақын Мұхит Мерәліұлының 175 жылдығына арналған «Сары дала сағынышы - сал Мұхит» республикалық  мәдени көпшілік шара өтеді.
     Бағдарламада:   

ПРЕСС-РЕЛИЗ


     Үстіміздегі жылдың 21 қазан күні сағат 11.00-де қаламыздағы Дина Құрманғазы мен Ж.Молдағалиев көшелерінің қиылысында күй атасы Құрманғазының, күй анасы Динаның композициялық ескерткіші ашылады деп күтілуде. Арнайы ескерткіштің ашылу шарасына еліміздің белгілі өнер қайраткерлері Орынбай Дүйсенов, Айтжан Тоқтаған,  Айтқали Жайымов  және Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оркестрінің директоры жерлесіміз Нұрғиса Дәуешов арнайы  қонақ ретінде қатысып, театр актерларының шағын театрландырылған көрініспен көркемделетін болады.
     Аталмыш  ескерткіштің ашылу шарасы щеңберінде 21 қазан күні кешкі сағат 17.00-де облысымызда алғашқы рет қазақ драма театры сахнасында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оркестрі, Атырау облысынан Дина  Нүрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптары оркестрі және  Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрлерінің біріккен «Күй дүлдүлдерінің дүбүрі» атты концерті өтеді.