ПРЕСС-РЕЛИЗ


     Үстіміздегі жылдың 17 тамыз күні сағат 17.00-де облыстық мәдениет және өнер орталығының концерт залында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық мәдениет және өнер орталығының ұйымдастыруымен еңбек ардагері, қалалық, облыстық ардагерлер кеңестерінің мүшесі, «Ару аналар» ансамблінің негізін қалаушы Клара Саржановамен «Ғибратты ғұмыр» атты кездесу кеші өтеді.
    

     Мақсаты: Клара Бақтығалиқызының өмірі мен еңбек жолын жас ұрпаққа насихаттай отырып, еңбек ардагерінің істерін үлгі ету. Ұрпақ санасына ұлттық тәрбиені сіңіру.   

 

ПРЕСС-РЕЛИЗ


     Үстіміздегі жылдың 15 тамыз күні сағат 15.00-де облыстық мәдениет және өнер орталығының көрме залында өтетін Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық мәдениет және өнер орталығының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Теректі ауданы жасөспірімдері мен жастарының «Тәуелсіздікке тарту» атты көрмесі өтеді.
     

     Мақсаты: Қала тұрғындарын аудан өнерпаздарының бейнелеу өнері, фотоөнері және қолөнер туындыларымен таныстыру және сол еңбектері арқылы оларды әсемдік әлеміне саяхат жасату.   

Пресс-релиз

«Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі»

    Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Алақай, жаз!» бағдарламасы аясында Астана күніне арналған мәдени іс шаралар циклімен кітапханадан тыс балаларға арналған сауықтыру және демалыс орындарында өткізеді.
    Астана - еліміздің елдігі мен тәуелсіздігін айқындайтын айрықша белгі. Елорадаға айналғаннан бері қаламыз күннен күнге әсем ғимараттарымен көркейіп, қазақстандықтарды қуанышқа бөлеуде.
      Астана еліміздің экономикалық, саяси және мәдени өмірінен көрініс беретін орталық.
    Мерекеге байланысты өтетін тақырыптық мәдени шараның мақсаты жас ұрпақты дамыған сүйікті Отанымызды сүйіп, оны құрмет тұтып, қадірлеуге тәрбиелейді және ұлымыздың ұлы тұлғасы, көшбасышы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдағы айрықша үлесі жайында мәлімет беру. Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында осы тақырыпқа арналған кең көлемдегі «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Біздің Астана», «Астана –сәулетті қала» тақырыптарында кітап көрмелері және патриоттық әңгіме сағаттар, слайд-шолулар ұйымдастырылады.
    4 шілде күні мерекеге арналған «Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» атты ақпараттық саяхат «Ивушка» сауықтыру-демалыс кешенінде өтеді.

Пресс-релиз

 БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 6 шілде күні сағат 20.00-де Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында елордамыз - Астана күні мерекесіне орай «Мәңгі мақтанышым – Астанам!» атты мерекелік концерттік бағдарлама өтеді.
Концертте Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі және облыстық филармонияның танымал өнер жұлдыздары өнер көрсетеді.

Пресс-релиз

Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен ү.ж. 8 маусым күні сағат 18.30-да облыстық филармонияның концерт залында Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор Қажыбек Бекбосынның 70 жасқа толу мерейтойына арналған «Қасиетті елге тағзым» атты шығармашылық кеші өтеді.

Бағдарламада Ақансері, Біржансал, Мұхит Мералыұлы, Әсет,Ғарифолла Құрманғалиев, Кенен Әзірбаев, Ілия Жақанов, халық әндері мен термелері орныдалатын болады. 

Пресс-релиз

Үстіміздегі жылдың 2-4 маусым аралығында Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясына 50-жылдығына орай «Айналдым елім, Қазақстаным!» атты концертін Қызылорда қаласы өңірінде өтеді.

Концерттік бағдарламада «Орал сазы» фольклорлық ансамблі /жетекшісі А.Кенжеғалиев/, «Назерке» халық би» ансамблі /балетмейстеры А.Тасболатова, М.Сүндетқалиева/, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Жаңылсын Хасанова, солисттер Күләш Қуанышқалиева, Айбар Хайрханов, Ернар Өмірәлі, Фархат Оразов, Дархан Құлбабаев өнер көрсететін болады.

/Қызылорда қаласында - 2 маусым, Қазалы ауданында - 3 маусым, Арал ауданында – 4 маусым/

Пресс-релиз

Орыс халқының ұлы ақыны А.С.Пушкиннің туылған күніне орай өтетін мектеп оқушылары арасындағы ақынның шығармаларына арналған қалалық мәнерлеп оқу байқауы

 2016 жылы 6 маусым күні сағ. 13.00 облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Орал қаласындағы РФ Бас елшілігімен және «Старый Уральск» қоғамдық мәдени-ағарту қорымен ақын А.С.Пушкиннің шығармашылығына арналған мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастырып отыр.

Байқаудың мақсаты:

- сөз өнеріне өскелең жастарды тарту;

- жастарды шығармашылыққа баулу және рухани дамуына мүмкіндік беру;

- қазіргі кезеңнің жастары арасында әдебиетті және сөз өнерін құрметтейтін талантты жастарды анықтау, оларды марапаттау.