Пресс-релиз

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы және «Атриум» сауда орталығы 1 маусым балаларды қорғау күніне арналған «Жаз бізбен көңілді!» атты мерекелік бағдарлама өткізеді.

2016 жылы 1 маусым күні сағ. 10.30 Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Алақай, жаз!» жазғы бағдарлама аясында 1 маусым балаларды қорғау күніне арналған «Жазбен бізбен көңілді!» атты мерекелік бағдарламаны «Атриум» сауда орталығымен бірлесе өткізеді. 

Мерекелік шараға «Атриум» сауда үйінің тұтынышулары, балалар, ата-аналар және сүйікті қаламыздың кез-келген кішкентай тұрғындары қатыса алады.

Мерекенің ашылу салтанаты балаларды құттықтау сөзбен ашылып, мереке құрметіне көңілді топтық би орындалады. 

Көңілді бағдарламаға «Мектептен тыс жұмыстар орталығы»-ның өнерпаздары және «Альянс» жастар орталығы өз өнерлерімен қолдау көрсетеді. Сонымен қатар балаларға мерекелі күнге байланысты «Ертегі әлеміндегі қызықты сәттер»-ге арналған танымдық викториналар, қозғалыс ойындары мен флеш-моб және «Біз бақытты балдырған» атты көлемді көркем суретті кітап көрмесі ұйымдастырылады. 

Қатысушылар «Петрушкин цирк» атты қуыршақ қойылымын тамашалайтын болады. 

Мерекені ұйымдастырушы кітапхана қызметкерлері барлық қатысушы көрермендерді маусым-шілде-тамыз айларына арналған «Алақай, жаз!» бағдарламасымен таныстырып, кітапханаға шақырады. 

Пресс релиз

Ағымдағы жылдың 25 -26 мамыр күндері Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығында Қаратөбе ауданының әкімдігі мен Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығы мен Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толу аясында ұлы даланың сырлы сазын күймен жеткізген күйшілердің бірі, жерлесіміз Ұзақ Мырзабайұлы атындағы «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар байқауы өтеді. 

Домбырашылар байқауына Астана, Алматы қалалары мен Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарынан 26 үміткер қатысып, бақтарын сынайтын болады. 

 

Байқаудың мақсаты:

- Күйші Ұзақтың тарихи тұлға, дәулескер күйші екендігін таныту, өнерін үлгі ету және күйлерін сауатты орындай білуге үйрету;

- жас ұрпақты өнерсүйгіштікке, халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін берік ұстануға тәрбиелеу;

- Республикамыздағы домбырашылардың кәсіби деңгейін шыңдау;

- Өнер әлемінде жас домбырашылардың есімін ашу.

 

Байқау үш кезеңнен тұрады.

Байқауға қатысушылар Қазанғаптың, Боғданың, Құрманғазының, Махамбеттің, Динаның, Сейтектің, Дәулеткерейдің, Қаратау мен Арқа мектептерінен күйлер орындап, Дәулеткерей атындағы оркестрдің сүйемелдеуімен қалауы бойынша /Махамбет, Б.Қыдырбек, Е.Нұрымбетов/ тағы бір күй орындаулары шарт. 

 

Байқау көрермендері:

Байқауға арнайы шақырылған ардагерлер, аға ұрпақ және бұқаралық ақпарат өкілдері, аудан тұрғындары қатысады.

 

«Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығы»

Байланыс телефоны: 8 /711 45/ 31 1 94; 31 9 52

Е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара

Үстіміздегі жылдың 20 мамыр күні сағат 16.00-де облыстық қазақ драма театрында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтеді.

Бұл мерекенің басты мақсаты - салтанатты шара өткізу арқылы мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерейін асқақтату, рухани-мәдени, жасампаздық мүмкіндіктерін әрі қарай нығайту жолындағы толағай еңбектеріне құрмет көрсету. 

Мерекелік шараға өнерлерімен елдің рухын көтеріп, халқымыздың мәдени талғамы мен танымын қалыптастырып жүрген жандардың төл мерекесіне өңіріміздің мәдениет қызметкерлері мен осы саланың ардагерлері қатысады.

Театр фоесіндеоблыстық кітапхана: «мәдениет», «өнер», «кітап» сөздері кітап арқылы бейнеленген және музей саласына қатысты көне, көпшілікке көрінбеген экспонаттар көрмесі орналастырылады.

Пресс-релиз

 

21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара

Үстіміздегі жылдың 20 мамыр күні сағат 16.00-де облыстық қазақ драма театрында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтеді.

Бұл мерекенің басты мақсаты - салтанатты шара өткізу арқылы мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерейін асқақтату, рухани-мәдени, жасампаздық мүмкіндіктерін әрі қарай нығайту жолындағы толағай еңбектеріне құрмет көрсету. 

Мерекелік шараға өнерлерімен елдің рухын көтеріп, халқымыздың мәдени талғамы мен танымын қалыптастырып жүрген жандардың төл мерекесіне өңіріміздің мәдениет қызметкерлері мен осы саланың ардагерлері қатысады.

Театр фоесіндеоблыстық кітапхана: «мәдениет», «өнер», «кітап» сөздері кітап арқылы бейнеленген және музей саласына қатысты көне, көпшілікке көрінбеген экспонаттар көрмесі орналастырылады.

 

ПРЕСС – РЕЛИЗ 

2016 жылдың 19 мамыры күні сағат 16.00 де облыстық қазақ драма театрында мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесіне орай, «Жүрек сыры–өнерім» облыстық мәдениет қызметкерлерінің кәсіби шеберлік байқауы өтеді.

 

Байқаудың мақсаты: 

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мәртебесін жетілдіру, шеберлігін арттыру, ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту және мәдени қызметте қол жеткен жетістіктерін көрсету.

 

Байқаудың міндеті:

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, облыстық мәдениет саласы қызметкерлерінің қатысуымен байқау өткізіп, кәсіби шеберліктерін дамыту..

 

Пресс-релиз

Үстіміздегі жылдың 20 мамыр күні сағат 16.00-де облыстық қазақ драма театрында облыс әкімі Көлгінов Алтай Сейдірұлының қатысуымен Мәдениет қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара өтеді.