Пресс-Релиз

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының 50 жылдығы аясында ү.ж. 20 сәуір күні сағат 18.00-де филармонияның концерт залында Дина Нүрпейісова мен Сейтек Оразалыұлының  туғанына  155 жыл толуына арналған «Бабадан қалған  күмбір күй» атты күй кеші өтеді.

Шарада  ҚР еңбек сіңірген қайраткері Х.Бердіғалиев,  «Құрмет» орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Е.Қазиев, ҚР еңбек сіңірген артисі С.Таудаева, ҚР мәдениет қайраткері С.Рахметжанов, Ә.Қашаубаев атындағы  байқаудың лауреаты С.Абдрахманов, «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иесі А.Қазиев, Республикалық конкурстардың лауреаттары: Д.Есентеміров, А.Бердіғалиев, Е.Өмірәлі, А.Бектасов, Ж.Өтеуов, Е.Мұхамбетовтар өнер көрсетеді.

«Егемен елім – кең байтақ  жерім» атты «Балдәурен» балалар
шығармашылығы фестивалінің
баспасөз хабарламасы

2016 жылдың 19 сәуір күні Қазақстан Республикасының 25 жыл аясында Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Егемен елім – кең байтақ жерім» облыстық «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалі өтеді.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Жалт еткен бір сәуле»

(драма)

 

Ағымдағы жылдың 17 сәуір күні сағат 18.00-де облыстық қазақ драма театры  Мадина Омарованың «Жалт еткен бір бейне» атты  драмасының премьерасын ұсынады.

Ұзақтығы 1 сағат 15 минут

Қойылымның режиссері  - Қазақстанның еңбек сіңірген  өнер қайраткері Алма Кәкішова

Қоюшы суретшісі -  Қайыр Оразғалиев.

Күйі жоқтар пана, үйі жоқтар баспана іздейді. Екеуін де іздеген қос мұңлықтың бір-біріне жолығуы кездейсоқтық па? Екі жарты қосылып бір бүтінді құрай алар ма екен ...

 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Жолаушы»

(Фэнтези, мистика)

 

Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні сағат 18.30-де Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Мадина Омарованың «Жолаушы» атты  фантазия-комедиясының премьерасын ұсынады.

Ұзақтығы 1 сағат 15 минут

Қойылымның режиссері  - Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Алма Кәкішова

Қоюшы суретші -  Мұрат Мамбетов.

 

Сапарға шыққан ағайын-тума мінген автобус елсіз далада сынып қалады. Жолда қалған адамдардың  бойын билеген үрей олардың шын бет-бейнесін ашып тастайды, сөйтіп түрлі қақтығыстар орын алады. Бірақ жолаушылар біртіндеп естерін жинай бастаған кезде ақаулы автобус та жөнделе қалады. Шығарма рух түзелсе, қалған қиыншылықтар өзінен-өзі оңала бастайтынына  түрлі амал-әдіс, көріністермен көзімізді жеткізеді. 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

2016 жылдың 6 сәуір күні сағат 18:30-да Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның үлкен залында, облыстық камералық  оркестрінің солисті, Италия опералық студиясының түлегі, Пезаро (Италия) қаласында өткен вокалистер байқауының лауреаты Эльмира Усаеваның концерті өтеді.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай концерттік бағдарлама.

Өтетін орны: Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның үлкен залы

Өтетін уақыты: 6 сәуір 2016 жыл,  сағат 18:30-да

 

Пресс-релиз

27-наурыз Халықаралық театр күніне орай ү.ж. 27 наурыз күні сағат 15.00-де «Нұр Отан» залында «Театр - өмір айнасы»         (Театр - отражение жизни)  атты  мерекелік шара өтеді.

Шараға Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның және Жастар шығармашылығы орталығының артистері, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық  кітапхана, облыстық тарихи-өлкетану музейі, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы, Халық шығармашылығы орталықтарының ұжымдары қатысады.

Пресс - Релиз

Үстіміздегі жылдың 31 наурыз күні сағат 18.00-де «Нұр Отан» залында Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының 50 жылдық мерейтойына арналған «Нарын» халық аспаптар оркестрінің концерті өтеді.