ПРЕСС-РЕЛИЗ

 91

27 ақпан 2019 жылы, сағат 10.00-да Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы поэзия әлемінің биік шыңдарын өз еркіне бағындырған Атыраудың ару ақыны  Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталары мен «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері, «Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкері», Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты халық жазушысы, ақын   Фариза Оңғарсынованың  80 жылдығына арналған «Лирика әлемінің ханшайымы» атты   мектеп оқушылары арасында облыстық мәнерлеп оқу байқауын  өткізеді.

Мақсаты - өскелең ұрпақты поэзия арқылы отанды сүюге, отбасы құндылықтарын, асыл қасиеттерді бойға сіңіре білуге тәрбиелеу. Ақынның шығармашылығы бойынша «Фариза  биік сезімнің ақыны» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылады. Байқау 2 кезеңмен жартылай финалдан іріктелгеннен кейін финалдық кезеңге  өтеді. Мәнерлеп оқу байқауының қатысушылары - Орал қаласындағы облыстық мектептер және қалалық мектептер. Байқаудың талап, ережелері  бойынша  5 сынып оқушылары ақынның «Алғашқы сабақ» кітабынан, 10 сынып - «Таңдамалы өлеңдер жинағынан» және «Дауа» кітаптарынан шығармаларды өз таңдауымен  жатқа мәнерлеп айтуы тиіс.

Мәнерлеп оқу байқауын танымал ақын А.Нәріков (төраға), БҚ технологиялық  колледжінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  ұстазы Ә.М.Мұқатаева және Х.Есенжанов атындағы кітапханасының бөлім басшысы Г.М.Хамзина. 

ПРЕСС РЕЛИЗ

 95

Үстіміздегі жылдың 21 ақпан күні, сағат 16.00-де Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының концерт залында Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен белгілі өнер иесі, әнші, термеші Ұзақбай Сұлтанғалиевты еске алуға арналған «Торатбастың тортөбелі» атты ән-жыр кеші өтеді.

Мақсаты: дәстүрлі әнші, термеші  Ұзақбай Сұлтанғалиевтың қазақ әніне сіңірген еңбегін дәріптеп, есімін ұрпаққа ұлықтау; көпшілікке дәстүрлі өнерді насихаттау.

Шарада:   үзеңгілес жолдастары, өнердегі ағалары әнші туралы естеліктерден сыр шертеді. Кеш барысында әншінің репертуарындағы әндер шырқалады.

Шақырулы қонақтар: Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев, елімізге танымал дәстүрлі әншілер С.Рақметжанов, С.Таудаева, З.Аманғалиева, С.Абдрахманов, К.Қуанышқалиева, А.Исламғалиев, зиялы қауым өкілдері, оқу орны студенттері, қала тұрғындары мен қонақтары.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

96

Үстіміздегі жылдың 14 ақпан күні сағат 16.00-де Қадыр Мырзалиев атындағы мәдениет және өнер орталығының концерт залында Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен «Жастар жылы» аясында ақын, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына, Қазақстанның Халық ақыны Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Жұмадағы жыр мәжілісі» жобасының «Ауыздықтап тұра алсын арманды кім...» атты әдеби-сазды қорытынды кеші өтеді.

Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні  сағат 11:00-де Батыс Қазақстан облыстық тарихи–өлкетану музейінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, суретші Ренат Елубаевпен «Өнерім-өмірім»  атты   кездесу   кеші, 14-ақпан сағат 15:00-де С.Ғұмаров музей-үйінде «Мәңгілік елес» атты көрмесінің салтанатты ашылуы жоспарлануда.

Мәдени-тағылымды шаралардың мақсаты: Ренат Қилыбайұлының халықаралық деңгейдегі жетістіктері туралы насихаттау, қылқалам шеберінің жұмыстарын шара қонақтарына таныстырып, суретшінің сурет салу технологиясының өзгешелігін жас ұрпаққа жеткізіп, шеберлік классын көрсету.

Кездесу кешіне БҚО мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев, Қазақстан Суретшілер одағы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Қ.Оразғалиев, «БҚО Суретшілер одағы» қоғамдық қорының төрағасы Қ.М.Насихатұлы, БҚО суретшілері, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы студенттері, облыстық музей және филиал қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

97

Батыс Қазақстан Облысы Орал қаласында 2019 жылдын Ақпан айының 12 күні Сағ 18:30 да камералық оркестірдін ұиымдастыруымен  А,Н Островского тетырыңда камералық оркестірмен бірлесіп Республикалық байқаулардын дипломанты  В Пузаткиннің жеке кеші өтеді деп жоспарлануда.

ПРЕСС РЕЛИЗ

Үстіміздегі жылдың 7 ақпан күні, сағат 16.00-де Қадыр Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының концерт залында Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен «Жұлдызды отбасы» ЖАҢА ЖОБАСЫ аясында Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі Қуаныш Қисметов пен әнші Раушан Қуаншалиевамен «Ән қанатындағы әлем» атты кездесу кеші өтеді.

Мақсаты: Бір шаңырақ астындағы талантты жандардың өнерін көпшілікке насихаттау; құндылықтары берік сақталған отбасының бірлігін көпке үлгі ету; облысымыздағы танымал отбасылардың қатысуымен жалғасын табады.

Шарада: Жоба аясында өтетін әрбір шарада, кеш иелеріне сұрақтар қойылып, өнер туралы әңгімелер айтылады. Өнерлерін бағалайтын зиялы қауым өкілдері, әріптестері сөз сөйлейді. 

Шақырулы қонақтар: Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы Қ.Мұсағалиев, қалалық мәслихат депутаты  А.Аубекеров, еңбек ардагері, қоғам қайраткері Р.Сүйербаев, «Құрмет» орденінің иегері Ш.Қыдырниязова, ақындар Д.Мұштанова, Ғ.Сейтақ, т.б. зиялы қауым өкілдері, өнер адамдары, оқу орны студенттері және қала қонақтары.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

4 ақпан  2019 жыл                                       «Жастар мәдениет үйі» МКҚК

 

"Sarmad" этно-фальклорлық ансамблінің «Көшпенділер рухы» атты концерті

 

Халықаралық «Шабыт», «Ғасырлар сазы» байқауларының  лауреаты "Sarmad" этно-фальклорлық ансамблінің «Көшпенділер рухы» атты концерті өткізіледі.