ПРЕСС-РЕЛИЗ


     Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында 2017 жылдың 27 қараша күні сағат 18.00-де Қазақ драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншісі Мұрат Әмірхановтың «Өмірім де, өнерім де ән!» атты жеке шығармашылық кеші өтеді.
     Концертке Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары, орыс халық аспаптары оркестрі және Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы эстрада-симфониялық оркестрі, «Классика» камералық ансамблі өнер көрсететін болады.
     Кіру тегін.
     Байланыс телефоны:51-55-10

Пресс-релиз


     «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылдың  3 қараша күні сағат 18.00-де филармонияның концерт залында күйші-композитор Әлшекей Бектібайұлының 170 жылдығына арналған Дәулеткерей  атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің   «Өмір толқыны» атты концерті өтеді. Окестрдің көркемдік жетекшісі  және бас дирижеры «Құрмет» орденінің иегері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты Еркін Нұрымбетов, дирижеры-ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қырымгерей Қажымов.
     Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Бердіғалиев, «Құрмет» орденінің иегері Ермек Қазиев, ҚР еңбек сіңірген артисі Сәуле Таудаева, ҚР мәдениет қайраткерлері  Жәмиля Нұрымбетова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Жаңылсын Хасанова, Айбар Хайрханов,  Мәдениет саласының үздігі Камалиден Айтбаев, Республикалық конкурстардың лауреаты Жұмабай Шерниязов, Ақылбек Бектасов, Мөлдір Жалмұханбетова өнер көрсететін болады.
     Кіру тегін.
     Байланыс телефоны: 51-55-10.

Пресс-релиз

БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен ү.ж. 17 қазан күні сағат 18.00-де филармонияның концерт залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы аясында «Ғасырлар сазы» атты концерт өтеді.

Концертте: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Бердіғалиев, «Құрмет» орденінің иегері Ермек Қазиев, ҚР еңбек сіңірген артисі Сәуле Таудаева, ҚР мәдениет қайраткерлері  Сағадат Рахметжанов, Жәмиля Нұрымбетова, Ғ.Құрманғалиев және Ә.Қашаубаев атындағы Республикалық конкурстардың лауреаты Серік Абдрахманов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Дастан Есентеміров және өзгеде артистер өнер көрсететін болады.

Кіру тегін.

 

ПРЕСС РЕЛИЗ


    Үстіміздегі жылдың 11 қазан күні, сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Журналистер одағының мүшесі, ұстаз, ақын Ақмаржан Таубаеваның шығармашылығына арналған «Құлын дауысты жыр-әлем» атты еске алу кеші өтеді.
     Мақсаты: Еліне адал қызмет еткен ұстаз, ақын, журналисті еске алып, есімін ұлықтау; өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау; ұрпаққа үлгі ету.
     Шарада: А.Таубаеваның өнердегі және қызметтегі әріптестері сөз сөйлеп, ғибратты естеліктер айтылады; поэзиялық жырларын оқушылар мен студенттер оқиды; сөзіне жазылған әндер шырқалады.
    Шақырулы қонақтар: Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының м.а. Қ.Мұсағалиев, Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы басшысының м.а. З.Гумарова, Орал қалалық білім бөлімінің басшысы Ж.Төремұратова, Теректі ауданының әкімі К.Жақыпов, Ақжайық ауданының әкімі Ә.Жоламанов, Қазақстан Жазушылар одағы БҚО филиалының төрөйымы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын А.Бақтыгереева, сондай-ақ, Теректі және Ақжайық аудандарының зиялы қауым өкілдерімен қатар, өңіріміздің белгілі журналистері мен ұстаздары, студенттер мен оқушылар, қала тұрғындары мен қала қонақтары.

ПРЕСС-РЕЛИЗ


     Оңтүстік және Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан  филармониялар арасындағы Меморандум аясында  ү.ж. 25-26 қазан күндері сағат 19.00-де «Нұр Отан» ғимаратының залында Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық  филармониясының  «Нұрын шашқан Оңтүстік»  атты ән кеші өтеді.
    Концерттің мақсаты – филармониялар арасындағы шығармашылық тәжірбие алмасу және гастрольдік  ынтымақтастықты  нығайту, Қазақстан мәдениетінің музыкалық мұрасы мен  дәстүрлерін  сақтаудың, әлемдік және отандық  музыка  жауһарларын  дәріптеудің негізі  болып табылады.
     Билеттер филармония кассасында сатылады.
     Байланыс телефоны: 51-55-10

ПРЕСС-РЕЛИЗ


     БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен ү.ж. 11 қазан күні сағат 18.30-да  облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасының халық артисі, Қазақстан композиторлар одағының  мүшесі, профессор, жерлес композитор  Базарбай Сағадиұлы Жұманиязовты 80 жылдығына арналған «Жазира жерім» атты  еске алу кеші өтеді.
        Кеште  Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары  оркестрі және Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы эстрада-симфониялық оркестрі және облыстық филармонияның артистері өнер көсететін болады.
          Кіру тегін.

Пресс-релиз

Үстіміздегі жылдың 19 қыркүйек күні сағат 18.00-де филармонияның концерт залында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласын жұртшылық арасында  кеңінен насихаттау  мақсатында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы артистерінің «Әнім саған туған ел» атты  концерті өтеді.

Концерттің мақсаты - қоғамдық  сананы жаңғырту қағидаларын ілгерілету  үрдісіне  жастарды  белсенді  тарту болып табылады.

Концертке «Орал сазы» фольклорлық ансамблі /жетекшісі А.Кенжеғалиев/, «Назерке» халық биі ансамблі /балетмейстерлері А.Әміржанқызы, М.Серікқызы/ және жеке әншілер өнер көрсететін болады.

Кіру тегін. 

Байланыс телефоны: 51-55-10