ПРЕСС-РЕЛИЗ

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен ү.ж. 27-28 қыркүйек күндері облыстық филармонияның концерт залында дирижер, Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі,  профессор  Қажығалиев Шамғонның туғанына 90 жыл толуына орай  Шамғон Қажығалиев атындағы IІI республикалық дирижерлер конкурсы өтеді.

Мақсаттары мен міндеттері: Қазақстандық дирижерлер мектебінің дәстүрін сақтап, әрі қарай дамыту, жас таланттарды анықтау және олардың шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік жасау, талантты, әрі алғыр музыка шеберлері арқылы Қазақстанның музыкалық мәдениетінің деңгейін көтеру болып табылады.

Конкурстың ашылу салтанаты және I-кезеңі 27 қыркүйек күні сағат 16.00-де филармонияның Кіші залында /жеребе тастау рәсімі сағат 15.00-де / өтеді.

Конкурстың  II-кезеңі 28 қыркүйек күні  сағат 10.00-де, марапаттау рәсімі мен Гала-концерті  сағат 18.00-де қазақ драма театрында  өтеді.

 Кіру тегін.

 Байланыс телефондары: 51-55-10, 8 (775) 276-88-86.

ПРЕСС-РЕЛИЗ


     БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 7 қыркүйек күні сағат 18.00-де облыстық қазақ драма театрында өнер жұлдыздарының қатысуымен жерлес композитор Темірәлі Бақыгереевтың «Барып қайт, балам, ауылға» атты еске алу кеші өтеді.
     Еске алу кешінде ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Нұрлан Өнербаев, Саят Медеуов, ҚР еңбек сіңірген артисі Сұлушаш Нұрмағамбетова, әнші-термеші Мейрамгүл Орашева, және облыстық филармонияның  артистері  ҚР мәдениет қайраткері Сағадат Рахметжанов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Жаскелең Ғайсағалиев, Жаңылсын Хасанова,  Айбар Хайрханов,  ҚР Мәдениет саласының үздігі Майра Хайдарова және өзгеде әншілер өнер көрсететін болады.
     Концертке кіру тегін.
     Байланыс телефондары: 51-55-10, 51-16-57.

Пресс-релиз


     Ү.ж. 25 тамыз күні  сағат 19.00-де Жастар мәдениет үйінің концерт залында Дәулеткерей атындағы халық аспаптары оркестрінің артисі, домбырашы Аңсар Бердіғалиевтің «Қос ішек құйған күмбір күй» атты шығармашылық концерті өтеді.
     Концертте Дәулеткерей  атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі, оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры  - «Құрмет» орденінің иегері Еркін Нұрымбетов, дирижеры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қырымгерей Қажымов, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық оркестрінің домбыра тобының бас концертмейстері Батыржан Мықтыбаев (Алматы қаласы), «Нарын» ұлт-аспаптар  оркестрінің дирижеры Сая Жұмашева (Атырау қаласы)  және облыстық филармония артистері Ақсұлу Жұмалиева, «Ерен еңбегі үшін» медалінің  иегерлері Дастан Есентеміров,  Айбар Хайрханов өнер көрсететін болады.

ПРЕСС РЕЛИЗ


     Үстіміздегі жылдың  4 шілде күні сағат 10.00-де «Жастар  мәдениет үйінің» концерт залында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық мәдениет және өнер орталығының ұйымдастыруымен Астана күні мерекесі қарсаңында Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Қадыр жолымен...» жобасы аясында «Алаштың бағы – азаттық!» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.

     Айтыстың мақсаты: Елдік үшін ерлік жасаған қазақ зиялыларының есімдерін келешек ұрпақ есінен шығармау үшін ұлттың ұлы тұлғаларын бүгінгі ұрпаққа ұлықтау, олардың үзілмеген үмітін, мемлекетшіл мүддесін ақындардың көркем тілімен халықтың көкейіне жеткізу.
     Сонымен қатар,  қазақ тарихынан ойып тұрып орын алатын  «Алаш  қозғалысының» 100 жылдығын атап өту; Алаш қайраткерлерінің Алашорда үкіметінің орнауына қосқан үлесі мен кейінгіге үлгі болған игі істерін дәріптеу; еліміздің жүрегі – Астананың асқақ айбынын, әлем халықтарының назарын өзіне аудартқан «Халықаралық ЭКСПО-2017» көрмесін кестелі жырмен кеңінен жырлап бере алатын ақындардың шығармашылығына демеу болып, барынша қолдау көрсету; қазақ елі, жері туралы мағлұматтарын кеңейту, елжандылық, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік рухын көтеру; мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру; айтыс өнерін насихаттап, ел арасында өрісін кеңейту.
     Республикалық айтысқа есімдерін ел білетін айтулы ақындармен қатар өңіріміздің намысын қорғап жүрген жергілікті ақындар қатысады. Атап айтсақ, Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртай, Дидар Қамиев, Мейірбек Сұлтанхан, Дәурен Ақсақалов, Жансая Мусина, Эльдар Ихсанов, Мұрадым Мирланов, Айнабек Бисенғалиев, Талғат Мықи, Бауыржан Ширмединұлы т.б. ақындар.
     Шақырулы қонақтар: Батыс Қазақстан облысының әкімі  А.Көлгінов, орынбасарлары; А.Өтеғұлов, М.Тоқжанов, Б.Қонысбаева, Б.Азбаев; Орал қаласының әкімі Н.Төреғалиев, орынбасарлары; М.Нұржанов, Р.Закарин, А.Қайсағалиев; Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайынов,  орынбасары С.Дүйсентегі.

ПРЕСС-РЕЛИЗ


     Үстіміздегі жылдың 29 маусым күні, сағат  16.00-де облыстық мәдениет және өнер орталығының концерт залында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Алашорда қозғалысының 100 жылдығына орай, алаш қайраткері Жаһанша Досмұхамедовтың құрметіне «Ұлықтауға лайық ұлт зиялысы» атты облыстық жыр мүшәйрасының қорытындысы өтеді.
     Мақсаты: Алашорда қозғалысының 100 жылдығына орай, Жаһанша Досмұхамедовтың құрметіне арналып, алдын-ала жарияланған бәйгенің, қазылар алқасының шешімі бойынша шыққан қорытындысын жариялап, жеңімпаз бен жүлдегерлерді марапаттау; өлең өлкесіндегі жас ақындарға тарихты жырлату арқылы патриоттық тәрбие беру; Алаш қайраткерлерінің есімін дәріптеу.
    Шарада: Қазылар алқасы байқауға қатысқан жас ақындардың шығармашылығына пікір айтып, өз бағаларын береді. Жүлдеге лайық деп танылған өлеңнің авторларына дипломдар мен сыйлықтар табыстайды. Шара барысында жүлдегер ақындар жырларын оқып, жергілікті әншілер өнер көрсетеді.
     Шақырулы қонақтар: Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайынов, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын А.Бақтыгереева, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі А.Нәріков, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, ақын Ғ.Сейтақ, ақын, журналист М.Қажиахметов, Т.Таймасұлы, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ, өңіріміздегі жас ақындар.

 Пресс-релиз

 

       Үстіміздегі жылдың 8 маусым күні «Астана Опера» Мемлекеттік опера  және балет театрында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Басшылары саммиті аясында өтетін концертке Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері  Дастан Есентеміров қатысып, өнер көрсетеді.

 

Пресс-релиз

        
   Үстіміздегі жылдың 2 маусым күні сағат 18.30-да  Қазақ драма театрында Халықаралық, республикалық  байқаулардың лауреаты «Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы» «Назерке» халық биі ансамбілінің 20 жылдығына арналған шығармашылық концерт өтеді.
    Концертте: «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Ж.Ғайсағалиев, Ж.Хасанова, М.Сарбөпеев, Халықаралық, Республикалық байқаулардың лауреаттары:  К.Шолошова, Е.Өтегенов, А.Бектасов, Б.Абжанов, Г.Калашникова, А.Қанатқалиева, А.Ажғалиева, А.Оразов, «Батыс Стар», «Інжу» топтары және өзгеде әншілер өнер көрсететін болады.

     Билеттер филармония кассасында сатылады.
     Билет құны: 1000 теңге.
     Байланыс телефондары: 51-55-10,  51-16-57,  8-701-615-18-46,  8 701 459 27 27