Пресс-релиз

 

Үстіміздегі жылдың 30 мамыр күні сағат 18.30-да Қазақ драма театрында Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, «Орал сазы» фольклорлық ансамбілінің әртисі, дәстүрлі әнші Күләш Қуанышқалиеваның шығармашылық концерті өтеді.

Пресс-релиз


     2017 жылдың 17 мамыр күні сағат 16.00-де  облыс әкімінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қазақ драма театрында КСРО-ның және Қазақстанның Халық әртісі, актриса Х.Бөкееваның туғанына 100 жыл толуына орай өткізілетін шаралардың салтанатты ашылуы өтеді.
     «Хас талант-Хадиша» атты кештің құрметті қонақтары - Қазақ КСР-нің Халық әртісі Құман Тастанбеков, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешева және Қазақстан Жазушылар   және Журналистер  одағының мүшесі, «Хадиша Бөкеева» атты кітабінің авторы Сара Латиева.
    Көрермен назарына жерлесіміз, актриса Х.Бөкееваның өмірі туралы баяндайтын әдеби-сазды театрландырылған қойылым, концерттік бағдарлама  ұсынылатын болады.
      Ү.ж. 18-19 күндері  Х.Бөкееваның 100 жылдығына арналған шаралар Казталов ауданында  жалғасады.
     Бағдарламада: 18 мамыр күні - кеудетұғырдың ашылуы, фотокөрме мен «Өмірін өнерімен өрнектеген» атты театрландырылған қойылым, мерекелік концерт пен отшашу, 19 мамыр күні - дала қызықтары.

ПРЕСС-РЕЛИЗ


    Үстіміздегі жылдың 22 мамыр күні сағат  17.00-де және 20.00-де «Нұр Отан»  залында Республикалық «Қазақконцерт» өнер ұжымының «Сәлем саған, Ақжайық» атты концерті өтеді.
     Концертте ҚР Халық әртістері Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева, ҚР Еңбек сіңірген әртістері Бағдат Сәмединова, Айжан Нұрмағамбетова және қазақ эстрадасының әншілері Марал Мухаметкалиева, Сүлеймен Ибрагимов, Сая Сейітова, Бибігүл Қилымхан, Нұрболат Абдуллин, Алишер Каримов, «Меломен» тобы өнер көрсетеді.
     Билеттер филармония кассасында сатылады.
     Билет құны: 2000-2500 теңге.
     Байланыс телефондары: 51-55-10, 51-16-57, 8-701-615-18-46.

Пресс-релиз

2017 жылдың 29 сәуірі күні сағат 18.00-де Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында   қазақ драма театрының актрисасы, «Құрмет белгісінің» иегері Мамедова Жұлдыз Қайырбекқызының шығармашылық кеші өтеді.

Пресс-релиз

 Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні сағат 17.00-де Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Ұлы Отан соғысының 77 жылдығына арналған  Б.Васильевтің «Қасық қаным қалғанша» атты  деректі драмасының премьерасын ұсынады .

Ұзақтығы  1 сағат  30 минут

Қойылымның режиссері  - Жігер  Мурзалиев

Қоюшы суретші -  Мұрат Мамбетов.

Қойылым Ұлы Отан соғысы басталған сәттен бастап, он ай бойы Брест қамалындағы дұшпанның қатарын сиретумен болған қаһарман жайлы баяндайды. Қамалдағы гарнизонның тізіміне де кіріп үлгермей жатып, күші әлдеқайда басым жау күшімен шайқасқа түскен, жалғыз өзі қалғанда да күресін тоқтатпаған жауынгердің ерлігі – батырлықтың хас үлгісі. Оның және Отан үшін қан кешкен барша сарбаздардың есімі Ел есінде мәңгі сақтала бермек. 

 

Пресс-Релиз

Үстіміздегі жылдың 1 мамыр күні сағат 19.00-де «Нұр Отан» ғимаратының залында ҚР Мәдениет  қайраткері, әнші-термеші Эльмира Жаңабергенованың «Ұлы менің Қазағым» атты ән-жыр кеші өтеді.

Билеттер филармония кассасында сатылады.

Билет құны: 1000 теңге.

Байланыс телефоны: 51-55-10, 51-16-57.

Пресс-релиз

     24  сәуір күні сағат 18.30-да Қазақ драма театрында Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясының Н.Тілендиев атындағы  академиялық  фольклорлы-этнографиялық Отырар сазы оркестрінің әртісі  Жарас Сатыбалдының «Дәстүр ізімен»  атты  жеке концерті өтеді.
     Концертте Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі,  оркестрдің  көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, «Құрмет» орденінің иегері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты - Еркін Нұрымбетов, дирижеры - ҚР  еңбек сіңірген қайраткері Қырымгерей Қажымов, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, күйші-домбырашы Айгул Үлкенбаева,  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, профессор Жалғасбек Бегендіков, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Бердіғалиев, «Құрмет» орденінің иегері Ермек Қазиев, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Дастан Есентеміров және Ернар Өмірәлі өнер көрсететін болады.
     Концертке кіру тегін.