ПРЕСС-РЕЛИЗ


     Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен ү.ж. 12-13 сәуір күндері облыстық филармонияның концерт залында құдіретті музыка  әлеміне сүбелі үлес қосқан, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Әшір Молдағайыновтың шығармаларын орындаушылар арасындағы республикалық вокалистер конкурсы өтеді.
     Конкурстың мақсаттары мен міндеттері: Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, әнші-композитор Әшір Молдағайыновтың ән мұрасын насихаттап, ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу, талантты жастар арасынан жаңа есімдерді таныту, шығармашыл тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету.

ПРЕСС - РЕЛИЗ

     Үстіміздегі жылдың  24 наурыз күні сағат 16.00-де облыстық мәдениет және өнер орталығының концерт залында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Жайықтың жадындағы жақсы адам» атты Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер Қайыр Бектұрғановтың шығармашылығына арналған  еске алу кеші   өтеді.
     Мақсаты: Еліне адал қызмет еткен ұстаз, жазушыны еске алып, есімін ұлықтау; өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау; ұрпаққа үлгі ету.
     Шарада: жазушының зайыбы Надежда Жұбайқызы, сондай-ақ, үзеңгілес достары естеліктер айтып, оның шығармашылығы жөнінде кеңінен айтылып, жергілікті әншілердің орындауында әндер шырқалады.
     Шақырулы қонақтар: Орал қаласының әкімі Н.Төреғалиев, Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайынов, ғалым Қ.Бозымов, Т.Әбенов, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің ректоры А.Иманғалиев, Т.Рысқалиев, ақын А.Нәріков, Ғ.Сейтақ, ардагерлер Т.Әліпқали, С.Танабаева Б.Қуатов, Қ.Хасанов, Т.Сұлтанғалиев, Р.Махамбетова, т.б. зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары.

Пресс-релиз
«Қысқа ғұмыр»
(мұңды комедия)


     Ағымдағы жылдың 24 наурыз сағат 19.00 және 26 наурыз күні сағат  17.00 - де Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры  Ф.Буляковтың «Қысқа ғұмыр» қойылымының  премьерасын ұсынады.
     Ұзақтығы – 1 сағат 20 минут.
     Қойылымның режиссері – Самал Абуов
     Аударған – Эльмира Мақашева
     Қоюшы суретшісі – Мұрат Мамбетов   
     Қысқаша мәтін:
     Адам өзінің дәм-тұзы таусылуына үш сағат қалғанын білсе не істеуі мүмкін? Ал егер осы үш сағатта қандай да бір сауапты іс қылып үлгерсе ғұмырының ұзаратыны туралы хабар жетсе ше? Қойылымдағы езу тартқызар көріністер мен мұңды сәттер, өткен өмірге сапар шеккізіп, ойға шомдырады. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда сыйласып, бірін-бірі қадірлей білгенге не жетсін!

Пресс - релиз

     Үстіміздегі жылдың  17 наурыз күні сағат 18.00-де облыстық мәдениет және өнер орталығының концерт залында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен,  дәулескер күйші, белгілі домбыра шебері Едіге Нәбиевтің шығармашылығына арналған күй кеші өтеді.

 

     Мақсаты: Тарихы терең төл өнеріміздің мәртебесін асқақтату, бабадан мирас болған асыл қазынамызды көздің қарашығындай сақтау, күйшілермен кездесе отырып, күйді жас ұрпаққа насихаттау,  белгілі күйші, домбыра жасаушы шебердің өнерін үлгі ету.

      Шарада:  Кеш барысында Едіге Нәбиев күмбірлеген күй шертеді. Ізбасар шәкірттері де күйлер орындап, кештің өтуіне үлес қосады. Кеш иесіне сұрақтар қойылады.

     Шақырулы қонақтар: Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайынов,  ақын А.Қадырбаева,  күйші Ө.Жұмашев, Е.Қазиев, Н.Сертеков,  дирижер Е.Нұрымбетов, әнші С.Таудаева, журналист Қ.Құттымұратұлы, М.Балмолда, Ж.Сафуллин, т.б. зиялы қауым өкілдері, жас күйшілер.

 

Пресс-релиз


      Үстіміздегі жылдың 20 наурыз күні сағат 19.00-де «Нұр Отан» залында ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, әнші-композитор Елена Әбдіхалықова мен белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлының шығармашылық концерті өтеді.

Орал қаласында қазақтың батыр қыздарына
ескерткіш орнатылады.

     2015 жылы өлкеміздің тарихын, мәдениетін, атаулы күндерін халқымыздың есінде мәңгі қалдыру мақсатында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша белгіленген жоспарға сай Қазақтың батыр қыздары - Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Халық қаһарманы Хиуаз Доспановалар бейнеленген скульптуралық композициясын  Орал қаласында орнату жоспарланған болатын.
    Скульптуралық композицияның авторы мүсінші Нұрлан Далбай, ескерткіш Астана қаласындағы көркем комбинатында қоладан құйылып дайындалуда, биіктігі 3,6 метр. Жобаға бюджеттен 138, 877 млн теңге қаражат  бөлінді.
      Батыр аналарға арналған скульптуралық композицияны  2017 жылдың 9 мамырына ашу жоспарланған.

ПРЕСС - РЕЛИЗ

     Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 8 наурыз күні сағат 17.00-де филармонияның концерт залында  Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтеді.
      Бағдарламада белгілі өнер ұжымдарымен танымал әншілер өнер көрсетеді.