ПРЕСС - РЕЛИЗ

     Үстіміздегі жылдың  23 ақпан күні, сағ. 16.00-де облыстық мәдениет және өнер орталығының концерт залында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, облыстық мәдениет және өнер орталығының ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының ұстаздары, тарихшылар, өнегелі ұстаздар Сайлау, Дәметкен Сүлейменовтермен кездесу кеші өтеді.     
    Мақсаты: Алаш қозғалысының 100 жылдығының аталып өтуіне үлес қосу; Алаш қайраткерлерінің есімін ардақтау; тарихи оқиғаның маңыздылығын арттыру; белгілі алаштанушылардың еңбегін жас ұрпаққа насихаттау.
     Шарада: кеш иелері Сайлау мен Дәметкен Сүлейменоваларға сұрақтар қойылады. Ұстаздардың шәкірт тәрбиелеудегі, сондай-ақ, тарихты зерттеп, зерделеудегі еңбектері жайында кеңінен әңгіме айтылады. Кездесу кешінде әріптестері, елімізге танымал ғалым-ұстаздар сөз сөйлейді. Жергілікті әншілердің орындауында ел мен жер тақырыбындағы әндер шырқалады.
    Шақырулы қонақтар: Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайынов, Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Нарымбетов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын А.Нәріков, Ақжайық ауданының әкімі Ә.Жоламанов, Сырым ауданының әкімі А.Шыныбеков, Қаратөбе ауданының әкімі А.Шахаров, Орал қалалық  ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Даумов, филология ғылымдарының докторы, профессор М.Сабыр, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, күйші Е.Қазиев, композитор, белгілі дирижер Қ.Қажымов, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі С.Пұсырман, т.б. зиялы қауым өкілдері, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының ұстаздары студенттері, БАҚ өкілдері. 

Пресс - релиз

     Үстіміздегі жылдың 24 ақпан күні сағат 18.30-да облыстық филармониясының концерт залында ҚР Мәдениет қайраткері, Білім беру ісінің құрметті қызмерткері, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ұстазы, доцент, күйші-композитор Төлепберген Тоқжановтың «Күй-ғұмыр» атты шығармашылық концерті өтеді.
      Концертте Дәулеткерей атындағы қазақ халық  аспаптары оркестрі, оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры  - «Құрмет» орденінің иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Еркін Нұрымбетов, дирижеры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қырымгерей Қажымов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Хатимолла Бердіғалиев, «Құрмет» орденінің иегері Ермек Қазиев,  «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Дастан Есентеміров және өзгеде әншілер өнер көрсететін болады.

Пресс-релиз

     2017 жылдың 4 ақпаны күні сағ.11.00-де Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер  орталығында ҚР Парламент Сенатының депутаты Бірғаным Сарықызы Айтимованың мәдениет саласының қызметкерлерімен    ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына Жолдауы  бойынша  кездесуі өтеді.
     Жиналысқа 150 мәдениет саласының қызметкерлері қатысады.

Пресс-релиз

2017 жылдың 1 ақпаны күні сағ.11.30-да Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының басшысы Д.Құсайыновтың қатысуымен Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында  Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін түсіндіру бойынша жиналыс өтеді. 

Жиналысқа 150 мәдениет саласының қызметкерлері қатысады.

Пресс-релиз

     Үстіміздегі жылдың 2 ақпан күні сағат 16.00-де Қазақ драма театрында  Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының 50 жылдық мерейтойына арналған шара өтеді.
     Шара барысында филармония тарихынан көрме жасақталады, марапаттаулар және филармонияның өнер ұжымдарымен артистернің қатысуымен концерт ұсынылатын болады.

Пресс-релиз

     Ү.ж. 25 қаңтар күні сағат 18.30-да облыстық филармонияның Кіші залында Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты, Қарағанды облыстық Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестігі Тәтімбет атындағы Академиялық оркестрінің концертмейстері, қобызшы Айгүл Аужанованың «Қоңыр қобыз» атты концерті өтеді.
     Концертте: Дәулеткерей атындағы қазақ халық  аспаптары оркестрі,  оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры  - «Құрмет» орденінің иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегері Еркін Нұрымбетов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Айбар Хайрханов, Мәдениет саласының үздігі Камалиден Айтбаев өнер көрсететін болады.