1. Заң жобасының атауы

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң жобасы).

 

2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі

Заң жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) мәселелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын жетілдіру және дамыту қажеттілігіне, сондай-ақ мыналарды іске асыру мақсатына негізделген:

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 01-7.6 (ПӘ) хаттамалық тапсырмасының 3.9-тармағы, оған сәйкес әлеуметтік салада жаңадан қабылданған  заңдарға ықтимал әлеуметтік және ең алдымен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тәуекелдерінің мәніне талдау жүргізу тапсырылды;

Мемлекет басшысының жұмыс берушілер үшін аударымдардың мөлшерін, мемлекет үшін жарналардың мөлшерін төмендету және дара кәсіпкерлер үшін жарналардың мөлшерін ұлғайту туралы 2016 жылғы                         25 қарашадағы № 4341 тапсырмасы;

 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) 2016 жылғы  15 қаңтардағы № 176 Жарлығы.

МӘМС туралы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бұл –денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қорғау мүдделерінің мемлекеттік жүйесі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру(МӘМС) Қазақстанның сақтандыруға қатысушы барлықазаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік статусына, тұрғылықты мекен-жайына және табысына қарамастан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен медициналық және дәрілік көмектің тең дәрежедегі қолжетімділігіне кепілдік береді.

МӘМС НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ

Өзінің денсаулығын жақсарту арқылы және халықтың денсаулығын қорғау ауыртпалықтарын бөлісе отырып қоғамдық ынтымақтастыққа қол жеткізу

Сыртқы факторлар мен шығындардың өсуіне қарсы тұрақты жүйе құру арқылы, сонымен қатар жүйенің айқындығы мен әділдігі арқылы жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету

Жүйені жоғарғы өкілеттілікпен және бәсекелестікпенқамтамасыз ете отырып,қол жетімді, толық әрі сапалы қызметтің соңғы нәтижесіне жеткізу арқылы жүйенің тиімділігін арттыру