1. Заң жобасының атауы

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң жобасы).

 

2. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі

Заң жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) мәселелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасын жетілдіру және дамыту қажеттілігіне, сондай-ақ мыналарды іске асыру мақсатына негізделген:

Мемлекет басшысының 2016 жылғы 14 маусымдағы № 01-7.6 (ПӘ) хаттамалық тапсырмасының 3.9-тармағы, оған сәйкес әлеуметтік салада жаңадан қабылданған  заңдарға ықтимал әлеуметтік және ең алдымен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тәуекелдерінің мәніне талдау жүргізу тапсырылды;

Мемлекет басшысының жұмыс берушілер үшін аударымдардың мөлшерін, мемлекет үшін жарналардың мөлшерін төмендету және дара кәсіпкерлер үшін жарналардың мөлшерін ұлғайту туралы 2016 жылғы                         25 қарашадағы № 4341 тапсырмасы;

 Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) 2016 жылғы  15 қаңтардағы № 176 Жарлығы.

Осыған байланысты мынадай өзгерістерді көздеу қажет.

1. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі – Қор) мемлекеттен жарналар түсетін адамдардың тізбесін нақтылау талап етіледі, сәйкесінше жұмыс берушілер олар үшін Қорға аударымдар төлеуден босатылады.

Мәселен, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңда (бұдан әрі – МӘМС туралы Заң) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ақ резидентура нысанындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бөлімінде оқыған адамдар оқу аяқталған жылдан кейінгі күнтізбелік он екі ай аяқталғанға дейін МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқығы бар адамдар санатына кіретіні көзделген.

Бұл ретте осы адамдар үшін жарналар немесе аударымдар төлеу бойынша міндеттеме төлеушілердің ешқайсысына көзделмеген.

Осыған байланысты, адамдардың аталған санатын, олар үшін Қорға жарналар төлеуші мемлекет болып табылатын адамдар тізбесіне қосу ұсынылып отыр. Бұдан басқа, аталған адамдардың санаты резидентура нысанында ғана оқытуды алып тастау арқылы кеңейтіледі. Алайда, бюджеттің мүмкіндіктерін және бітірушілерді жұмысқа орналастыру уәждемесін ескере отырып, олар үшін жарналарды оқу аяқталған айдан кейінгі күнтізбелік  үш ай ішінде мемлекеттің төлеуі ұсынылып отыр.

Мемлекеттен Қорға жарналар түсетін адамдардың санатын кеңейту осы санатқа 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын адамдар санатын және бір жыл ішінде жұмыс істемейтін оралмандарды қосу арқылы жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ бұл санаттан әскери қызметшілерді, құқық қорғау,  арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерін алып тастай отырып, МӘМС туралы Заңның 14-бабының 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жарналарды төлеуші – жұмыскерлер санатын нақтылау қажет.

МӘМС туралы Заңға олар үшін жарналар және/немесе аударымдар түскен жағдайда мынадай адамдар үшін Қорға мемлекет жарналарының түсімін тоқтатуға қатысты нақтылайтын норманы енгізу қажет:

1)  орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуды аяқтаған айдан кейінгі күнтізбелік үш айдың ішінде оқуын аяқтаған  адамдар;

2) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;

3) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар.

2. Қорға жарналар мен аударымдарды төлеудің міндеттілік қағидатын қамтамасыз ету және МӘМС жүйесінде халықты медициналық көмекпен  барынша қамту мақсатында Қорға жарналар төлеушілердің тізбесін мынадай адамдармен толықтыру қажет:

1) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерде және шетел мемлекеттерінің консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін, еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан халықаралық және мемлекеттік ұйымдармен, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес ұйымдармен және қорлармен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттемеден босатылған адамдар. Адамдардың бұл санатында қызметтерге ақы төлеу ретінде кірістері немесе жалақысы бар, бұл ретте олардың МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқығы жоқ. Олар МӘМС жүйесінде медициналық көмек құқығын алу үшін уәкілетті орган айқындайтын аударымдар мен жарналар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыс берушілер есептеген кірістерден жүзеге асырылатын болады. Аталған адамдар санаты үшін Қорға жарналар 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап уәкілетті орган айқындайтын, аударымдар мен жарналар есептелмейтін кірістерді қоспағанда, жұмыс беруші есептеген кірістерден 1 пайыз мөлшерінде белгіленетін болады, 2020 жылғы 1 қантардан бастап – 2 пайыз мөлшерінде.

2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге заңнама белгілеген тәртіппен тұрақты тұруға кеткендерді және басқада азаматтар, егер олар үшін Қазақстан Республикасында төлемдер және (немесе) жарналар төленетін болса, қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткен азаматтары), олар үшін Қорға жарналар 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленетін болады.

3) жарналар мемлекеттен түсетін және МӘМС туралы Заңға сәйкес жарналар төлеуден босатылған адамдарды қоспағанда, өзге адамдар, оның ішінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар (бұдан әрі – өзге төлеушілер). Мысалы, адамдардың бұл санатына үй шаруасындағы әйелдер, өзі тұтыну үшін өндіріспен қамтылған адамдар жатады. Адамдардың осы санатын МӘМС жүйесіне тарту мақсатында олар үшін ҚР шегінен тыс жерлерге кеткен азаматтардың жарналарына ұқсас жарналар қарастыру қажет.   

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткен азаматтарға және өзге төлеушілерге қолайлылық жасау мақсатында Қорға жарналарды өзі не үшінші адамның төлеу мүмкіндігі, сондай-ақ алдағы кезең үшін алдын ала төлеу мүмкіндігі беріледі.

2) және 3) тармақшаларда көрсетілген адамдардың жарналарын әкімшілендіруге арналған құралдың болмауына байланысты 2020 жылға дейін (азаматтардың кірістерін жалпы декларациялауды енгізгенге дейін) мемлекеттік кірістер органдарының әкімшілендіруін алып тастау ұсынылады.

Сонымен бірге Қорға жарналар мемлекеттен түсетін адамдар санатынан уақытша ұстау изоляторларындағы адамдарды төмендегідей негіздемелер бойынша алып тастау ұсынылып отыр.

«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» ҚР Заңының 2-бабының 12) тармақшасына сәйкес уақытша ұстау изоляторы (бұдан әрі – УҰИ) – қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұсталған адамдарды күзетте ұстауға арналған ішкі істер органдарының арнаулы мекемесі болып табылады. Қылмыстық-процестік кодекстің (бұдан әрі – ҚПК) 128-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік келтірілген адамды ұстау мерзімі нақты ұстаған сәттен бастап есептеледі және жетпіс екі сағаттан аспауға тиіс. Бұл ретте ҚПК-нің 147-бабының негізінде прокуратура органдары күдіктіні күзетте ұстауды санкциялау өтінішхатын қолдау туралы мәселені шешу кезінде осы өтінішхатты қолдаудан бас  тарту және күдіктіні күзетте ұстау үшін негіздемелер болмағандықтан босату туралы шешім қабылдауы мүмкін. Оған қоса, судья күзетте ұстау түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім қабылдаған жағдайда, күдікті тергеу изоляторына кідіріссіз айдалады, онда ҚПК-нің талаптарына сәйкес ұстау мерзімдері 18 айға дейін жетуі мүмкін. Осылайша, адамның УҰИ-да қысқа мерзімді болуын ескере отырып, адамдардың бұл санатын Қорға жарналар төлеу міндетінен босатып, бұл міндетті мемлекетке жүктеу орынсыз.

3. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) 88-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес қоршаған ортаға қауіп тудыратын жіті аурулар кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) алуға құқығы бар.

«Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінде Қазақстан Республикасының азаматтары секілді құқықтарға ие және сондай міндеттері болады. Осыған байланысты ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерінде ҚР азаматтарымен тең жағдайын ескере келе, осы сияқты ТМККК мен МӘМС алуда оларға Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей тең құқық беру ұсынылады.

Осылайша ТМККК шеңберінде медициналық көмек алу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың оны алуға ҚР азаматтары секілді құқықтары болады. МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға қатысты адамдардың аталған санаты жарналар төлеуде ҚР азаматтары секілді міндетті болуға тиіс. Бұл ретте, егер олар жарналарды мемлекет жүзеге асыратын адамдар санатына тап келсе, онда олар үшін мемлекет төлейтін болады.

4.  Елімізде қалыптасқан макроэкономикалық жағдайды назарға ала отырып, жұмыс берушілерге және бюджетке түсетін қаржы жүктемесін төмендету мақсатында Қорға мемлекеттен, дара кәсіпкерлерден, жекеше нотариустардан, жеке сот орындаушыларынан, адвокаттардан, кәсіби медиаторлардан, шаруа немесе фермер қолжалықтары басшыларынан және (немесе) мүшелерінен, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардан түсетін жарналар мен аударымдардың мөлшерлерін қайта қарау ұсынылады.

Бұдан өзге дара кәсіпкерлердің, шаруа немесе фермер қолжалықтары басшыларының және (немесе) мүшелерінің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың кірістерін және олардың жарналарды төлеу мерзімдерін айқындау бөлігінде ережелерді нақтылау ұсынылады.

Өз кезегінде жұмыссыз ретінде тіркелген және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдар үшін Қорға жарналарды Мемлекеттік корпорация 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмысынан айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлем сомасының 1 пайызы, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жұмысынан айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлем сомасының 2 пайызы мөлшерінде жүргізетін болады.

5. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» ҚР Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қаулыны орындау мерзімінің өтуіне байланысты орындалуы мүмкін емес міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнама саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы бойынша айыппұл сомасын салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотынан салық органының шешімі негізінде есептен шығаруына қатысты ережелерді енгізу қажет. Бұл МӘМС жүйесінің толық жұмыс істеуі мақсатында ӘҚБтК «Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзу» бабымен толықтырылуы қажет екеніне байланысты. Осылайша, МӘМС туралы заңнаманы бұзу бөлігінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың мерзімі өткен кезде туындауы мүмкін құқықтық салдарды Салық кодексінің 596-бабына аталған қаулыны орындау мерзімінің өтуіне байланысты тиісті айыппұл төлеу бойынша міндеттемені тоқтату туралы ережені қосу арқылы талқылау қажет.

Одан басқа, Салық кодексінің ережелері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңнамадағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұл сомасын, сондай-ақ артық төленген соманы қайтару бөлігінде нақтылауды талап етеді. Бұл МӘМС туралы Заңның                       14-бабының 5-тармағына сәйкес төлеушілердің аударымдардың және (немесе) жарналардың қате төленген сомаларын және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтарып алуға құқығының болуымен байланысты. Осыған байланысты, төлеушілердің осындай құқығын іске асыру мақсатында тиісті түзетуді енгізу қажет.

МӘМС туралы Заңға сәйкес қордың активтері кредиторлардың талабы бойынша шегерілмейтінін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтерге ақы төлеу үшін ғана пайдаланылатынын қосымша атап өткен жөн. Осылайша, Қордың активтерін сақтап қалу және Қордың медициналық қызметтерге МӘМС жүйесінде ұсынған медициналық қызметтері үшін уақтылы ақы төлеуі мақсатында Азаматтық кодекске (Ерекше бөлім), Салық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы», «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банкттер және банк қызметі туралы»,  «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына МӘМС туралы заңға сәйкес қызмет ететін банк шоттары бойынша шығыс операцияларын уақытша шектеу және тоқтата тұруды қолдану мүкіндігін алып тастау, сондай-ақ тыйым салу және оларды шегеру бөлігінде тиісті түзетулер енгізу қажет.

Сонымен бірге, МӘМС туралы Заңның 31-бабының 2-тармағына сәйкес аударымдар және (немесе) жарналар толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары жиналып қалған берешек шегіндегі ақшаны төлеушінің банктік шоттарынан өндіріп алуға құқылы. Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне кеден органының төлеушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ақы төлеу мен жарналар бойынша міндеттемелерді орындау үшін алуға көзделген кеден төлемдері мен салықтар, ақшадан өсімпұлдар бойынша берешегі бойынша банк шоттары, бойынша шығыс операцияларын тоқтатудың мүмкін болмауы бөлігінде түзетулер енгізу қажет.

6. Сондай-ақ Кодекске тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмектің (ТМККК шеңберінде, МӘМС жүйесінде, ҚР Президентінің Іс басқармасы айқындайтын түрлер бойынша және көлемдерде бюджет қаражатының есебінен) түрлері мен көлемін айқындау бойынша өзгерістер енгізу талап етіледі.

7. МӘМС туралы Заңның 20-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Қор күтпеген шығыстарды жабу үшін резервтерді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қалыптастыруға міндетті. Сонымен бірге, заңнамада бұл резервті пайдалану тәртібі көзделмеген, бұл заңнамадағы олқылық болып табылады.

Осыған орай, МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша шығыстарға ақы төлеу Қордың қаржылық орнықтылығымен оның қызметін мемлекеттік реттеу арқылы қамтамасыз етілетінін ескере отырып, Үкіметтің Қордың резервін күтпеген шығыстарға пайдалану тәртібін айқындау бойынша құзыретін енгізу қажет.

8. МӘМС жүйесінің енгізілуіне байланысты әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, сондай-ақ осы санаттағы адамдар мен олардың отбасы мүшелерінің зейнетақы алушыларына медициналық көмек көрсету мәселесін реттеу талап етілетін болады.

 «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» және «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» Заңдармен бұл санаттарды, оның ішінде зейнеткерлерді және оларың отбасы мүшелерін мемлекеттің есебінен медициналық қамтамасыз ету көзделген.

Соған байланысты қолданыстағы тетікті сақтап қалу ұсынылып отыр, оған сәйкес әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне медициналық көмек әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде (мекемелерде) мемлекеттің есебінен жүзеге асырылатын болады.

Бұл ретте қызмет өткеру орны немесе тұрғылықты жері бойынша тиісті медициналық ұйымдар болмаған кезде немесе оларда тиісті бөлімдер, мамандар не арнайы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша медициналық көмекті әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне денсаулық сақтау субъектілері ұсынатын болады.

Денсаулық сақтау субъектілерінің жоғарыда көрсетілген адамдар үшін шығыстарын төлеуді Қор көрсетілген қызметтердің фактісі бойынша жүзеге асырады.

Денсаулық сақтау субъектілерінің жоғарыда көрсетілген адамдар үшін медициналық көмек көрсеткені үшін шығыстарын төлеуі үшін Қордың шығындарын өтеу ТМККК шеңберінде де, сондай-ақ МӘМС-де де денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға (бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері) көзделген бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын болады.

Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (офицерлік құрам) отбасы мүшелеріне, сондай-ақ құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне, әскери қызметте болудың шектi жасына жетуі бойынша, денсаулық жағдайы бойынша не шттатың қысқаруы бойынша әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған және               20 және одан көп күнтізбелік жыл еңбек сіңірген адамдарға медициналық көмекті әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер (мекемелер), сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілері де ұсынатын болады.

Сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің асырауындағы адамдарға және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы немесе штаттық қысқартулар бойынша арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған және күнтізбелік жиырма және одан көп еңбек сіңірген отбасы мүшелеріне медициналық көмекті әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер (мекемелер), сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілері де ұсынатын болады.

Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер (мекемелер) және денсаулық сақтау субъектілерінің жоғарыда көрсетілген адамдар үшін шығыстарына ақы төлеуді Қор көрсетілген қызметтердің фактісі бойынша жүзеге асырады.

Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер (мекемелер) мемлекеттік мекемелердің құрылымдық бөлімшелері немесе дербес мемлекеттік мекеме болып табылатынын ескере отырып, Бюджет кодексінде, сондай-ақ тиісті заңнамалық актілерде Қарулы күштердің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының мемлекеттік мекемелеріне бұл органдардың отбасы мүшелеріне, зейнеткерлеріне (жоғарыда аталған мекемелер үшін) және медициналық ұйымды таңдау құқығын пайдаланған басқа адамдарға (Қарулы күштер мен құқық қорғау органдарының мекемелері үшін) ақылы медициналық қызметтерді іске асырудан түскен ақшаны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдалану құқығын беретін нормаларды көздеу қажет.

Санаторий-курорттық қызмет көрсету қолданыстағы заңнама бойынша мемлекеттің есебінен ұсынылатын болады.

Көрсетілген адамдар санаты жұмысының жүріп-тұру сипатын,   сондай-ақ әскери қызметшілердің қызметін шекара заставаларында, алшақ аудандарда орналасқан оқшауланған жабық гарнизондарда өткеруін ескере отырып, әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асырмайтын, олардың қарамағындағы адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында оларды Қорға жарналар төлеуден босату және бұл міндетті мемлекетке бекіту үшін «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен оларды жұмыссыз ретінде тіркеудің ықшамдалған тәртібін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда айқындау ұсынылып отыр.

Мәселен, жоғарыда көрсетілген адамдардың отбасы мүшелерінің тізімі түскен кезде Еңбек ресурстарын дамыту орталығы оларды жұмыссыз ретінде тіркеуді ерекше тәртіппен жүзеге асырады.

Соған сәйкес Еңбек ресурстарын дамыту орталығы үшін әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұбайы болып табылатын адамдарды тіркеу және есептен алу функциясы енгізіледі.

Сонымен бірге жұмыспен қамту орталықтарында әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұбайы болып табылатын адамдарды тіркеу функциясын алып тастау мақсатында жұмыссыздарды жалпы тәртіппен тіркеуді жүзеге асыратын халықты жұмыспен қамту орталықтарының құзыретіне түзетулер енгізілуде.

9. Медициналық қызметтерге және амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, барлық өңірлер үшін медициналық қызметтерге бірыңғай тарифтерді белгілеу, денсаулық сақтауға бөлінетін қаражатты тиімді пайдалануды бақылаудың тұтас жүйесін қалыптастыру мақсатында республикалық бюджет шығыстарын ұлғайту және ТМККК бөлігінде облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің шығыстарын қысқарту (алып қою) арқылы орталық деңгейде шығындарды шоғырландыру ұсынылып отыр.

Бұл ТМККК шеңберіндегі барлық медициналық қызметтерге ақы төлеу функциясын 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қорға беруді ұсынумен негізделген.

Осыған байланысты «Кейбір заңнамалық актілерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңнан ТМККК көрсету бойынша қызметтерді  және ТМККК көрсету бойынша фармацевтикалық қызметтер сатып алуды жүзеге асыру бойынша функциялар облыстар, республикалық маңызы бар қала және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті  органдарының құзыретінен алып тастауға тиіс.

Сонымен қатар медициналық қызметтерді сатып алу рәсімін біркелкілікке келтіру қажет, осыған сай қызметтерді ТМККК шеңберінде сатып алу ұғымын енгізу ұсынылады.

10. МӘМС жүйесінде медициналық көмек медициналық қызметтер көрсетуден басқа, стационарлық, сондай-ақ амбулаториялық науқастарды дәрілік қамтамасыз етуді қамтитынын ескере отырып, МӘМС туралы заңнама МӘМС жүйесіне дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы денсаулық сақтау субъектілерін тарту бөлігінде жетілдіруді талап етеді. Мәселен, Кодексте «ТМККК көрсету бойынша фармацевтикалық қызмет» ұғымы көзделген. Бұл ретте фармацевтикалық қызмет ТМККК шеңберінде ғана емес, сол сияқты МӘМС жүйесінде де жүзеге асырылатынын ескере отырып, сонымен байланысты нормаларды заңнамалық актілерде сәйкестікке келтіру мақсатында Денсаулық туралы кодекстің аталған ұғымына өзгеріс енгізу қажет. Сонымен бірге құқықтық олқылықты жою мақсатында Денсаулық туралы кодекске фармацевтикалық қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасын қолданбастан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды көздейтін өзгерістер енгізу керек. Қазіргі уақытта фармацевтикалық қызметтерді сатып алу «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады, онда мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамада белгіленген сатып алу тәртібінен айырмашылығы бар сатып алу тәртібі қарастырылған.

Фармацевтикалық қызметтерді мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы қолданбастан сатып алу тәртібі заңнама тұрғысынан бекітілмегенін ескере отырып, сондай-ақ фармацевтикалық қызметтерді бірыңғай жеткізіп берушінің МӘМС жүйесіндегі және ТМККК шеңберіндегі функциясының Бірыңғай дистрибьюторға берілуіне байланысты фармацевтикалық қызметтерді және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, тасымалдау, есепке алу және саудада өткізу (жіберу) бойынша қызметтерді сатып алуды мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамадан, сондай-ақ оларды сатып алу тәртібін бекіту бойынша ҚР Үкіметінің құзыретін айқындайтын норманы қолданыстан алып тастау нормасын қарастыру қажет.

11. Орталық мемлекеттік органдар мен ҚР Үкіметінің арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату кезінде Үкіметтің медициналық қызметтерді сатып алу құзыреті де бар. Бұл ретте Кодексте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің көрсетілген құзыреті МӘМС туралы заңның            7-бабының 1-тармағының 22) және 81) тармақшаларында, 34-бабының                        1-тармағында көзделген. Кодекс нормаларының арасындағы қайшылықтарды жою мақсатында Кодекстен Үкіметтің медициналық қызметтерді сатып алу тәртібін айқындаудағы құзыретін алып тастау ұсынылып отыр.

12. МӘМС туралы заңда (34-бап) сатып алудың негізгі қағидаттарын және денсаулық сақтау субъектілеріне сатып алу рәсімі кезінде қойылатын талаптарды көздейтін, денсаулық сақтау субъектілерінен МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша қызметтерді сатып алу тәртібі регламенттелген. Алайда, фармацевтикалық қызметтерді сатып алу рәсіміне қолданылмайтынын ескере отырып, МӘМС туралы Заңда тиісті өзгерістерді көздеу қажет.

13. МӘМС туралы заңнан «сақтандыру мерзімі» және «қатысу өтілі» ұғымдарын алып тастау қажет, өйткені МӘМС жүйесінің негізін қалаушы қағидатқа сәйкес әрбір адам үшін жүйеге аударымдар және/немесе жарналар төленуге тиіс.

Жеке тұлғаның жарналарды төлеуі жұмысты (жұмысқа орналастырудың болмауымен) немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға байланысты тоқтаған жағдайда, ол белгіленген тәртіпте жұмыссыз ретінде тіркелуі немесе мүгедек мәртебесін алуы қажет. Бұл оған мемлекеттің жарналарына және МӘМС жүйесінде қалуына құқық береді.

Өз кезегінде, аударымдар мен жарналарды төлемеген жағдайда адамдар МӘМС жүйесінде медициналық көмекті осындай аударымдар мен жарналарды төлеуді тоқтатқан сәттен бастап үш айдан артық алмайды. Алайда бұл құқық аталған адамдарды төленбеген кезең үшін Қорға аударымдар мен жарналарды төлеу міндетінен босатпайды. 

Одан басқа, МӘМС жүйесінде медициналық көмекке құқығы жоқ адамдарға немесе олар үшін Қорға жарналар және (немесе) аударымдар төленбейтін адамдарға төленбеген кезең үшін Қорға республикалық бюджет туралы заң тиісті қаржы жылына белгілеген жалақының ең төменгі мөлшерінен 5 пайыз мөлшерінде жарналарды төлеу арқылы осындай құқықты алу мүмкіндігі ұсынылады.

14. МӘМС туралы заңның 17-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес МӘМС жүйесіндегі Мемлекеттік корпорация өз құзыретінің шеңберінде МӘМС жүйесінің ақпараттық жүйелерін және электрондық ақпараттық ресурстарды жүргізеді және  толықтырып отырады. Ақпараттық жүйелерді және электрондық ақпараттық ресурстарды жүргізу және актуалдандыру «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-ның функциясы болып табылатынын ескере отырып, олар үшін аударымдар және/жарналар төленген жеке тұлғалардың деректер базасын актуалдандыру бойынша функциямен алмастыра отырып, оны Мемлекеттік корпорацияның функцияларынан алып тастау қажет.

Бұл ретте МӘМС жүйесінде көзделетін функцияларды Мемлекеттік корпорацияның іске асыруына жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық атқарушы органдар мен мемлекеттік органдар МӘМС жүйесінде түсетін төлемдердің деректерін әкімшілендіру, мониторингін жүргізу, сондай-ақ ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау туралы ҚР заңнамасында көзделген талаптардың сақталуын ескере отырып, міндетті әлеуметтік медициналық жарналарды төлеуден босатылған адамдардың санаттары бойынша жарналарды аударуға қажеттілікті қалыптастыру бөлігінде өздерінің иелігіндегі ақпараттық жүйелерге Мемлекеттік корпорацияның құзыреті шегінде қолжетімділікті қамтамасыз етуі қажет.

Бұдан өзге, заң жобасында ақпараттандыру және мемлекеттік құпияларды қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық атқарушы және мемлекеттік органдардан келіп түсетін мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша қажетті жағдай жасауға Мемлекеттік корпорацияның міндетін көздеу ұсынылып отыр.

15. МӘМС туралы заңның 1-бабына сәйкес Қордың активтері ретінде аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, инвестициялық кіріс және қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны, денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге және қате есепке жатқызылған немесе артық төленген қаражатты қайтаруға бағытталған қаражатты шегергенде, қорға түсетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де түсімдер есептеледі.

Сонымен бірге МӘМС туралы заңның 18-бабының 4-тармағына сәйкес Қордың активтері аударымдар, жарналар, аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу мерзімі өтіп кеткендігі үшін алынған өсімпұл, қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақыны шегергендегі инвестициялық кіріс,  қорға түсетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады.

Мәселен, МӘМС туралы заң нормаларының арасында Қордың активтерін айқындауда қайшылықтар бар. Осыған байланысты МӘМС туралы Заңның                    1-бабының 8) тармақшасын МӘМС туралы заңның 18-бабымен сәйкестікке келтіру ұсынылып отыр.

Өз кезегінде, Қордың активтері ҚР Ұлттық банкінің банк шоттарында болатынын ескере келе, МӘМС туралы заңда тиісті ереже қарастыру қажет.

16. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңмен Кодекстің 76-бабының 2-тармағына енгізілген түзетулерге сәйкес ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінетін бюджет қаражатын, сондай-ақ МӘМС қаражатын оңтайлы және тиімді пайдалану мақсатында  дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар уәкілетті орган белгілеген бағалардан аспайтын бағалар бойынша сатып алынады.

Одан басқа Кодекстің 7-бабына сәйкес уәкілетті орган ТМККК шеңберінде көрсетілетін, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық қызметтерге тарифтерді, сондай-ақ оларды қалыптастыру әдістемесін бекітеді (2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі).

ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерге тарифтердің өсуі бойынша ықтимал қауіптерді болдырмау мақсатында ТМККК және МӘМС шеңберінде тарифтерді және тарифтердің мөлшерлерін қалыптастыру әдістемесін бекіту және оны уәкілетті органның құзыретінен алып тастап, ҚР Үкіметінің құзыретіне беру ұсынылады.

Денсаулық туралы кодекстің 1, 2, 6, 7, 25, 76, 77-баптарына «фармацевтикалық қызмет», «дәрілік затқа және медициналық мақсаттағы бұйымға шекті баға», «дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін үстеме баға», «дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау, тасымалдау, есепке алу және іске асыру бойынша қызметтер» анықтамаларын нақтылау бөлігінде түзетулер енгізу қажет.

Мәселен, Кодекстің қолданыстағы редакциясында «тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі фармацевтикалық қызмет» ұғымы көзделген. Бұл ретте фармацевтикалық қызмет ТМККК шеңберінде ғана емес, МӘМС жүйесінде де жүзеге асырылатынын ескере отырып тиісті өзгеріс енгізу қажет.

Денсаулық туралы кодексте бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды уәкілетті орган белгілеген бағалардан аспайтын баға бойынша сатып алу көзделген. Уәкілетті органның бағаларды белгілеуі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға шекті бағаларын айқындау арқылы жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 24 маусымдағы № 557 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 5 шілдеде        № 13883 болып тіркелген).

Одан басқа, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері халықты амбулаториялық деңгейде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету кезінде фармацевтикалық қызметтерді сатып алу жүзеге асырылады. Дәрілік заттардың,  медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілердің дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тасымалдау, сақтау, саудада өткізу (жіберу) және есепке алу бойынша шығыстарын өтеу дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасынан 25%-дан аспайтын мөлшерде үстеме бағамен жүзеге асырылады.

Бұл ретте Кодексте бұл ұғымдар жоқ.

17. МӘМС туралы заңды 2014 жылғы 14 қазандағы Заңмен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – ЕАЭО туралы шарт) ережелерімен үйлестіру ұсынылады. Сонымен, ЕАЭО туралы шарттың 98-бабының 3-тармағына сәйкес мүше елдердің еңбекшілерін және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру) (зейнетақыны қоспағанда) жұмысқа орналастыру елінің азаматтарына арналған шарттарда жүзеге асырылады. Бұл ретте әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру) деп бұл Шартта ана болумен байланысты уақытша еңбекке қабілетсіздік жағдайына, өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіби аурулардан міндетті сақтандыру және міндетті медициналық сақтандыру деп түсінеміз. Осылайша, Қазақстан Республикасының өзінің шарт міндеттемелерін орындау мақсатында МӘМС туралы Заңға Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрып жатқан және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың талаптарына сәйкес тұрып жатқан шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелеріне егер бұл халықаралық шартта көзделсе, Қазақстанның азаматтарымен бірдей МӘМС жүйесіндегі құқықтар мен міндеттерді қолдану бөлігінде ережелерді енгізу қажет.

18. МӘМС енгізумен байланысты жекелеген заңнамалық актілердің ережелеріне редакциялық түзетулер енгізу талап етіледі.

Атап айтқанда, Денсаулық туралы кодекстің, Еңбек кодексінде, «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» ҚР заңдарының  бірқатар ережелерін нақтылау және енгізілетін МӘМС жүйесіне сәйкестікке келтіру   қажет.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңында Денсаулық туралы кодекске «жоғары технологиялық медициналық қызметтер» (бұдан әрі – ЖТМҚ) ұғымын енгізу көзделген. Осыған байланысты, жоғары технологиялық медициналық қызметтердің бөлігі болып табылатын «стационарлық көмек», «стационарды алмастыратын көмек» ұғымдарына редакциялық түзетулер енгізу қажет.

Жоғары технологиялық медициналық қызметтер амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмектің бір бөлігі болып табылатынын ескере отырып, ЖТМҚ-ны МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық көмектің тізбесінен алып тастау қажет.

МӘМС туралы заңның МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық көмектің түрлері туралы ережелерінде стационарлық көмек ұғымын «жолдаманың болу/болмауына қарамастан – шұғыл көрсетілімдер бойынша» сөздерімен толықтыру қажет.

19. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексіне жұмыскердің және жеке тұлғаның кірісінен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жеке табыс салығын есептеу кезінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген МӘМС-қа жарналар бойынша салық шегерімдерін қолдану бөлігінде түзетулер енгізілді. Сонымен бірге, бұл Заңның қолданылуы 2020 жылға ауыстырылды.

Осыған байланысты, ЖТС есептеу кезінде салық шегерімдерін қолдану бойынша жоғарыда аталған норманы сақтап қалу мақсатында Салық кодексінің           166, 168, 182 және 183-баптарына түзетулерді енгізу ұсынылады.

 

3. Заң жобасын қабылдаудың мақсаты

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау саласы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және МӘМС саласындағы заңнамасын жетілдіру және дамыту, сондай-ақ МӘМС жүйесінде құқықтық, әлеуметтік шарттар мен кепілдіктерді айқындау мақсатында  әзірленді.

 

4. Заң жобасын реттеу мәні

Заң жобасын реттеу мәні денсаулық сақтау саласында, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйелеріне қатысушылардың өзара іс-қимылына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады.

 

5. Заң жобасының құрылымы

Заң жобасы 3 баптан тұрады.

1-бап:

6 Кодекске:

1) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім);

2) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне;

3)  2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі);

4) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне;

5) 2010 жылғы 30 маусымдағы  «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне;

 

16  заңға:

1)                «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы»
1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына
;

2)                Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы»
1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына;

3)                «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына;

4)                «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына;

5)                «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына;

6)                Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына;

7)                «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына;

8)                «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына;

9)                «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына;

10)           «Арнаулы мемлекеттік органдар туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы
2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына;

11)           «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»
2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына;

12)           «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2015 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына;

13)           «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы
16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына;

14)           «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына;

15)           «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына;

16)           «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына енгізілетін мен толықтырулардың мазмұнын айқындайды.

2-бап өтпелі ережелерді айқындайды.

3-бап осы заң жобасын қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды.

 

6. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар

 

Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерін жетілдіруге және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасының ережелерімен сәйкестікке келтіруге және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, оның ішінде міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру саласындағы заңнаманың нормаларын  біркелкі қолдануға бағытталған.  Ұсынылып отырған Заң жобасын қабылдау қандай да бір теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдардың туындауына әкелмейді.

 

7. Басқа заңнамалық актілерді бір мезгілде (кейіннен) әзірленіп жатқан заң жобасына сәйкестікке келтіру қажеттілігі

 

Талап етілмейді.

 

8. Заң жобасы мәнінің өзге нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі

 

Қазіргі кезде заң жобасының бірқатар мәселелері (әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдардың және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және осы органдардың зейнеткерлеріне медициналық көмек көрсету) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің                 135-бабымен, сондай-ақ Қорғаныс және Қарулы күштер туралы, әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар туралы, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңдармен регламенттеледі.

 

9. Қаралып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы

 

Заң жобасын әзірлеу кезінде заң жобасының кейбір мәселелері бөлігінде шет елдердің тәжірибесі зерттелді және есепке алынды.

1. Ресей Федерациясының федералдық заңына сәйкес Ресей Федерациясының міндетті медициналық сақтандыру саласындағы субъектілерінің мемлекеттік билік органдарының құзыретіне міндетті медициналық сақтандыруға жұмыс істемейтін халықтың сақтандыру жарналарын төлеуі жатады. Жұмыс істемейтін азаматтарға өзгелерден басқа мүгедек балаларды, I топтағы мүгедектерді, 80 жасқа жеткен адамдарды күтумен қамтылған еңбекке қабілетті азаматтар жатады.

Литвада үй жағдайында мүгедек баланы немесе 24 жасқа толғанға дейін еңбекке қабілетсіз деп танылған адамды немесе 24 жасқа толғанға дейін пайда болған ауруға байланысты 26 жасқа толғанға дейін еңбекке қабілетсіз деп танылған адамды немесе тұрақты күтуді қажет ететін адамды күтетін ата-ананың біреуі, қамқоршы немесе бақылаушы олар үшін жарналарды мемлекет төлейтін адамдардың тізіміне қосылған.

Эстондық медициналық сақтандыру жүйесінде 16 жасқа дейінгі мүгедекті күтетін және бұл ретте өздері аурулардан зардап шегетін немесе акушерлік күтім алатын адамдар үшін жарналарды медициналық сақтандыру қоры олардың орташа кірісінің 80% мөлшерінде төлейді.

Осылайша, аталған елдердің тәжірибелерін ескере отырып, өздеріне Қорға  жарналарды мемлекет жүзеге асыратын адамдар санатын 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын адамдармен кеңейту ұсынылады.

 Қырғыз Республикасының міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде міндетті медициналық сақтандырумен қамтылмаған адамдар міндетті медициналық сақтандыруға жарналарды міндетті медициналық сақтандыру полистерін сатып алу арқылы төлеуге құқылы.

Литвада төлеушілердің ешбір санатына кірмейтін адамдар медициналық сақтандыру қорына жарналарды ай сайын жарна жүргізілген айға ең төменгі айлық кірістің 9% мөлшерінде төлейді.

Ресей Федерациясында Ресей Федерациясының міндетті медициналық сақтандыру саласындағы субъектілерінің мемлекеттік билік органдарының құзыретіне міндетті медициналық сақтандыру саласындағы құзыретіне міндетті медициналық сақтандыруға жұмыс істемейтін халықтың сақтандыру жарналарын төлеуі жатады. Жұмыс істемейтін азаматтарға әскери қызметшілерді және медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруда оларға теңестірілген адамдарды қоспағанда, мынадай азаматтар: 18 жасқа дейінгі балалар, жұмыс істемейтін зейнеткерлер, бастапқы кәсіби, орташа кәсіби және жоғары кәсіби білім мекемелерінде күндізгі оқу нысанында оқитын азаматтар, жұмыспен қамтылу туралы заңнамаға сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз азаматтар, баланы үш жасқа толғанға дейін күтетін ата-ананың біреуі немесе қамқоршы, мүгедек балаларды, I топтағы мүгедектерді, 80 жасқа жеткен адамдарды күтумен қамтылған еңбекке қабілетті азаматтар, сондай-ақ еңбек шарты бойынша жұмыс істемейтін және жоғарыда көрсетілмеген азаматтар жатады.

МӘМС жүйесіне басқа санаттарға жатпайтын адамдарды қосу және МӘМС жүйесінде медициналық көмекпен барынша қамтуды қамтамасыз ету қажеттілігін және шетелдерде ұқсастықтардың болуын ескере отырып, Қорға жарналар төлеушілер тізбесін жұмыс күші тобына кірмейтін адамдармен толықтыру қажет.

Барлық ЭЫДҰ елдерінде тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер сақтандыру жарналарын/аударымдарын ұлттық қорға заңнаманың негізінде аударуға міндетті. Сақтандырылған шетел азаматтары медициналық көмекті осы елдердің азаматтарымен бірдей алады.

Еуропа одағының елдерінде «еркін» қозғалыс қағидаты пайдаланылады, ол Еуропа елдеріндегі медициналық сақтандыру жүйелері ЕО-ның басқа елдерінде алынған қызметтер шығыстарының орнын толтыратынын білдіреді. Алайда, сақтандыру жағдайларын өтеуді ұлттық медициналық сақтандыру қорлары шығу елінің мөлшерлемелері бойынша жүзеге асырады. Болған елде алынған емнің бағасы асып кеткен жағдайда, сақтандырылған адам бағадағы айырмашылықты өтейді.

Голландық медициналық сақтандыру жүйесі барлық мүшелердің атынан (босатуларсыз) жарналар төлеуді талап етеді, бірақ Нидерландыда қызметтер  Нидерландыда тұрып жатқан, сақтандырылған адамдарға ғана төленеді. Бұл елде тұрып жатқан және МӘС-қа жарналарды төлейтін шетел азаматтарына да қатысты.

Германияда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға құқығы бар адамдар үшін әлеуметтік медициналық сақтандырудан басқа, сақтандыру елде тұрып жатқан әрбір азамат үшін міндетті болып табылады. Отбасы мүшелері жарналарды төлеуге міндетті емес. Бұл отбасы мүшелері Германияда тұрып жатса, олардың неміс медициналық сақтандыру қызметтеріне ғана құқығы бар. Егер азаматтар МӘМС арқылы сақтандырылмаса, олар жеке сақтандыру жүйесі арқылы сақтандырылуға міндетті.  Германияға баруға виза алатын шетелдіктер, виза берілгенге дейін  медициналық сақтандырудың болуы туралы дәлелдер ұсынулары тиіс.

Ресей Федерациясында ММС туралы Заң Ресейдің аумағында уақытша және тұрақты тұрып жатқан шетелдіктерге ғана қолданылады.

Ресейдің аумағында тұрақты тұрып жатқан, мекендеу қағазы және рұқсаты бар шетелдіктер заңға сәйкес РФ азаматтарына құқықтар мен міндеттемелерінде теңестіріледі. Бұл азаматтардың осы санаттары тегін медициналық қызмет көрсетуді ММС бағдарламасының шеңберінде алатынын білдіреді. Оларға ММС полисі ресейліктерге берілетін шарттарда беріледі.

Ресейдің аумағында уақытша тұрып жатқан шетелдіктер медициналық-көлік қызметтерін, оның ішінде репатриацияны (шұғыл эвакуацияны) қамтитын көмекті алуына болады. Медициналық қызметтер азаматтардың осы санатына шартқа  және төленген сақтандыру жарнасының мөлшеріне сәйкес ұсынылады. Қызметтер көлемінің ең төменгі тізбесін Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен.

Ресей мемлекетінің аумағында уақытша жүрген шетел азаматтары үшін ММС полисі заңмен көзделмеген.

Жедел медициналық көмек азаматтардың барлық санаттарына міндетті және тегін көрсетіледі.

Қауіпті жағдайдан шыққан науқасқа кейіннен көрсетілетін медициналық қызметтер ақылы негізді жүргізіледі.

ЭЫДҰ елдерінің тәжірибелерін жалпылай келе, Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдіктер медициналық көмекті азаматтармен бірдей алу үшін жарналарды және (немесе) аударымдарды аударуы қажет.

Эстонияның медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық сақтандыру туралы заңға (Health Insurance Act Passed 19.06.2002 RT I 2002) сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушылар Эстонияның тұрақты тұрғындары болып табылатын, базалық білім алатын, 21 жасқа дейінгі студенттер, жалпы орта білім алатын, 24 жасқа дейінгі студенттер, ресми кәсіби білім студенттері, сондай-ақ жоғары оқу мекемелерінің студенттері болып табылады.

Сақтандырылған адамдар деп есептелетін адамдардың сақтандырушылық өтемдерінің ұзақтығына қатысты қойылатын талаптар студенттердің сақтандырушылық өтемдері оқу орнын аяқтағаннан кейін үш айдың ішінде тоқталатыны айқындалған. Егер студент білім беру мекемесінен мектепті аяқтағанға дейін жалпы орта білім оқыту басталғаннан кейін үш жалғаспалы академиялық жылдың ішінде шығарылса, оның сақтандырушылық өтемі оқудан шығарылғаннан кейін бір айдан соң тоқтатылады.

 Литваның медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық сақтандыру туралы заңға (Republic Of Lithuania Law on Health Insurance) сәйкес міндетті медициналық сақтандыруға және міндетті әлеуметтік сақтандыру мемлекет жарналарының есебінен өтеуге құқығы бар адамдарға жалпы білім беру мектептерінде оқитын адамдар, Литва Республикасының күндізгі кәсіби-техникалық училищелерінің, жоғары оқу мекемелерінің студенттері, оның ішінде жоғары оқу мекемелерінің күндізгі нысанындағы студенттері болып табылатын Литва Республикасында тұрақты тұрып жатқан шетелдік азаматтар мен азаматтағы жоқ адамдар жатады. Студенттердің сақтандырушылық өтемінің мерзімі міндетті медициналық сақтандыруды қолдану мерзімінің жалпы талаптарымен айқындалады, онда студенттердің сақтандырушылық өтемінің мерзімі студент мәртебесін алған күннен бастап одан айырылған күнге дейін деп айқындалған. Сонымен бірге, заң Медициналық сақтандыру қоры орнын толтырартын медициналық қызметтерді міндетті жарналарды соңғы төлеуден кейін (мемлекеттің студенттер үшін) бір ай мерзіміне беруді көздейді.

Техникалық, кәсіби және жоғары білім беру ұйымдарында оқыған адамдарға медициналық көмекті өтеудің ұзақтығы бойынша халықаралық тәжірибені ескере отырып, олардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке құқығы болатын мерзімдерді қысқарту, сондай-ақ олар үшін мемлекеттің жарналар төлеу бойынша міндетін бекіту қажет. Бұл ретте олардың резидентура ғана оқу нысанын алып тастау арқылы бұл адамдар санатын кеңейту қажет.

2. Кейбір елдердің (мысалы, Дания, Финляндия, Корея, Испания, Швеция) Конституцияларында және ұлттық бюджеттік жүйені реттейтін негізгі заңдарында (мысалы, Францияның, Германияның, Жапонияның, Жаңа Зеландияның, Құрама Штаттардың) «қосымша бюджетке» немесе үкіметтік резервтерге және олардың нысаналы мақсаттарына қатысты жалпы ережелер айқындалған. Жапонияда күтпеген шығыстарды жабу үшін пайдалануға болатын резервтер қоры қолданылады. Жапонияның мемлекеттік қаражаты туралы заңы негізінен Қаржы министрлігінің қарамағындағы резервтер қорын пайдаланатын рәсімдерге бағдарланған. Жапонияда (және кейбір басқа елдерде) резерв қорының сомасы заңда көрсетілмесе (атқарушы билік оның мөлшерін айқындайды), басқа елдерде резерв қорының мөлшері немесе резервтердің мөлшерлері көрсетілген. Мысалы, 1974 жылғы «Біріккен Корольдіктің Резервтік қоры туралы» Заң парламент бекітпеген шұғыл шығыстарды жүргізуге, алдыңғы жыл шығыстарының 2% деңгейінде шектеуге рұқсат береді.

Канадада үкіметтік резерв «күтпеген жағдайларға арналған резерв қоры» деп аталады. Резервтер сондай-ақ күтпеген шығыстарға да пайдалануы мүмкін. Күтпеген шығыстар табиғи апаттарға қарағанда ауқымды санат болып табылады және ол үкіметке айтарлықтай шығын әкелетін, бірақ пайда болуын болжау қиын (мысалы, террористік оқиғалар, соғыстар, экономикалық дағдарыс, эпидемиялар, ядролық апаттар) барлық оқиғаларды қамтиды. Сонымен бірге, елдердің көпшілігі макроэкономикалық күрт ауытқулар кезінде қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының біраз бөлігін мемлекеттік бюджеттен белгілейді.

 «Law on the Budget Structure of Lithuania»:

1) Үкіметтік резерв мемлекеттік бюджетте қалыптастырылуға тиіс. Бұл мемлекеттік бюджеттің мақұлданған қаражат бөлу сомасынан 1% аспауға тиіс. Үкіметтік қордың белгілі бір сомасын Seimas жыл сайынғы негізде Мемлекеттік бюджеттің қаржы индикаторларын және Муниципалдық бюджеттерді мақұлдау туралы Заңға сәйкес айқындауға тиіс. Үкіметтік қордың қорлары үкіметтік қарармен қаржыландырылуға тиіс.

2) Үкіметтік резерв қорлары төтенше жағдайларға, халықаралық операцияларға қатысуға қатысты міндеттемелерге және үкімет белгілеген басымдықтарға сәйкес өзге де қажеттіліктерге төтеп беру үшін пайдаланылуға тиіс.

Эстонияның медициналық сақтандыру жүйесінде Медициналық сақтандыру қорының нормативтік құжаттармен белгіленген міндеттемелерін орындауы кейбір жағдайларда тоқтатылады және міндеттемелер мемлекеттің «мойнына» өтеді, мысалы трансферттерді республикалық бюджеттегі жоспарланатын көлемнен қысқарту. Медициналық сақтандыру туралы заңда Қор банкрот бола алмайтыны айқындалғандықтан, Қордың қаржылық орнықтылығын белгілі бір жағдайларда Үкіметтік резервтің қаражатынан қамтамасыз етіледі деп болжамдауға болады.

Үкіметтің макроэкономикалық құлдырауы жағдайында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуде қаржыландыруды нысаналы тағайындаумен бірге үкіметтік резервтердің болуы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі барынша дамыған көптеген елдерде байқалады.

3. МӘМС жүйесінде әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету мәселесіне қатысты. Бұл мәселе бойынша мынадай елдердің: Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының тәжірибелері зерттелді.

Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес әскери қызметшілердің медициналық көмекті тегін алуға, дәрілік препараттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен дәрігердің тағайындауы бойынша тиісті медициналық, әскери-медициналық бөлімшелерде, бөлімдерде және федералдық заңмен әскери қызмет көзделген федералдық атқарушы билік органдарының ұйымдарында тегін қамтамасыз етілуге құқығы бар.

Әскери қызметшілердің қызмет өткеру орны немесе тұрғылықты жері бойынша әскери-медициналық ұйымдар болмаған кезде және (немесе) оларда тиісті бейін бөлімдері болмаған кезде, сондай-ақ шұғыл және кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда әскери қызметшілердің медициналық көмекті мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің және муниципалдық денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдарында алуға құқығы бар.

Әскери қызметшілерге медициналық көмекті мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің және муниципалдық денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдарында көрсетумен байланысты шығыстар тиісті мемлекеттік органдарға (ҚМ, ІІМ және т.б.) бөлінетін федералдық бюджет қаражатының есебінен өтеледі.

Әскери қызметшілердің отбасы мүшелері мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің және муниципалдық денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдарында медициналық көмек алуға құқығы бар және өзге азаматтармен жалпы негіздерде міндетті медициналық сақтандыруға жатады.

Беларусь Республикасының заңнамасымен әскери қызметшілердің әскери қызмет көзделген мемлекеттік органдарға бағынышты денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмекті тегін алуға құқығы белгіленген.

Әскери қызметшілерге қызмет өткеру орны немесе тұрғылықты жері бойынша әскери денсаулық сақтау ұйымдары болмаған жағдайда, сондай-ақ жедел (кейінге қалдыруға болмайтын) медициналық көмек көрсету қажеттілігі туындаған кезде медициналық көмек заңнамаға сәйкес өзге мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі.

Медициналық көмек әскери қызметшілерге, әскер қызметшілер қатарындағы зейнеткерлерге тегін көрсетіледі.

Әскери қызметшілердің отбасы мүшелері азаматтық денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық көмек алуға мүмкіндігі болмаған кезде, тиісті әскери денсаулық сақтау ұйымдарында әскери қызметшілермен бірдей медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.

Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметшілердің және әскери жиынға шақырылған азаматтардың тегін медициналық көмекке, дәрі-дәрмекпен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен әскери-медициналық мекемелерде қамтамасыз етілуге құқығы бар.  Әскери қызметшілердің қызмет өткеру орны немесе тұрғылықты жері бойынша әскери-медициналық мекемелер немесе тиісті бөлімшелер немесе арнайы медициналық жабдық болмаған кезде, сондай-ақ кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда медициналық көмек денсаулық сақтау мекемелерінде олардың ведомстволық тиесілігіне қарамастан тегін көрсетіледі. Көрсетілген денсаулық сақтау мекемелеріне әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету бойынша шығыстар Қырғыз Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен өтеледі.

«Қырғыз Республикасындағы азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» Заңның 8-бабына сәйкес міндетті медициналық сақтандыруға әскери қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар жатады.

Мерзімдегі қызметтің әскери қызметшілері, офицерлер, прапорщиктер, мерзімнен тыс қызметтің әскери қызметшілері, әскери қызметтегі әйелдер үшін міндетті медициналық сақтандыруға жарналары республикалық бюджет қаражатынан жылына есептік көрсеткіштің 1,5 мөлшерінде төленеді.

Әскери қызметшілердің және басқа әлеуетті құрылымдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің ведомстволық әскери-медициналық ұйымдарда,  олар болмаған кезде – өзге денсаулық сақтау субъектілерінде медициналық көмекті тегін алуы және оларды дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету медициналық сақтандыру жүйесі бар көрші елдерде кең таралған.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының фармацевтикалық қызметтер көрсетуге шарттар жасасуының болуы халықаралық практикада норма болып табылады.

4. ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) елдерінің және Багам аралдарының, Болгарияның, Кенияның, Черногорияның, Литваның, Перудің, Филиппиннің, Сербияның және Тайландтың әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңдарында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында сипатталған «қатысу өтілі», «сақтандыру мерзімі»  деген ұғымдар мен анықтамалар жоқ.

Жеке тұлғаның жарналарды төлеуі жұмысты (жұмысқа орналастырудың болмауы) немесе еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға байланысты тоқтаған жағдайда басымдықты қамтамасыз ететін резервтік жүйе болуы тиіс (жұмыстан айрылу жағдайына сақтандыру және/немесе еңбекке қабілетсіздігі жағдайына сақтандыру).

Егер жеке тұлға ұзақ уақыт бойы жұмыссыз немесе еңбекке қабілетсіз болып қалған жағдайда, оның мемлекет төлейтін МӘМС-қа қаражаттандыратын жарналарға құқығы бар және ол МӘС жүйесінде қалады.

Жеке тұлға жаңа жұмысқа орналасқан жағдайда төлемдердің үздіксіздігі сақталып қалады, сонда сақтандыру мерзімі және қатысу өтілі ұғымдары өзектілігін жоғалтады. Егер жеке тұлға ұзақ уақыт бойы жұмысқа орналаса алмай жұмыссыз болып қалса немесе еңбекке қабілетсіз болып қалса, сондай-ақ жұмыссыздық бойынша немесе еңбекке қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы алушысы болмаса және жарналар төлеуді өзі жүзеге асыру үшін қаражаты болмаса, бұл жағдайда жарналардың үздіксіздігін сақтап қалу үшін субсидия алу құқығын иеленуге тиіс. Бұл жағдайда да сақтандыру мерзімі және қатысу өтілі ұғымдары өзектілігін жоғалтады.

Егер мемлекет Қорға жарналар төлеуді жүзеге асырмаса, бұл жағдайда субсидиялау режимі бойынша МӘС шарттарын және ережелерін бұзушы жеке тұлға емес, мемлекет болғандықтан, ол жазаланбауға тиіс, тиісті жеке тұлға Қордан жанама субсидия шеңберінде белсенді қызметтер алушы болып табылады, ол адамға МӘС қызметтерін мемлекет мерзімі өткен субсидиялаған жарналарды төлегенге дейін, ал Қор субсидия берілген адамға көрсетілген медициналық қызметтер үшін қызмет берушілерге мемлекеттің МӘС жүйесіне субсидиялаған жарналар бойынша міндеттемелерді орындамауына байланысты ақы төлеу үшін келтірілген Қордың шығыстарын өтей алғанға дейін алуға мүмкіндік береді.

Осылайша, «сақтандыру мерзімі» және «қатысу өтілі» ЭЫДҰ-ның бұрыннан келе жатқан МӘС жүйелері бар елдерді қоса алғанда, ешбір елде МӘС туралы заңнаманың негізгі бағыты болып табылмайды.

Жұмыстан айырылу және еңбекке қабілетсіздік/мүгедектік жағдайындағы сақтандырудың мысалдары:

a)      АҚШ-та жұмыстан айырылған жағдайларға (бұдан әрі – ЖАЖ)  арналған  федералдық-мемлекеттік сақтандыру жүйесі жұмысын жоғалтқан  жеке тұлғаларға, олар жаңа жұмыс іздеу кезеңінде жалақысының бір бөлігінің орнын уақытша  өтеу арқылы көмектеседі. 1935 құрылған бұл жүйе әлеуметтік сақтандырудың бір нысаны болып табылады, онда жұмыс берушілерден алынатын салық жұмыскерлердің атынан олар жұмыстан айырылған жағдайда  табыстарын қолдау үшін ақшалай жәрдемақы беру мақсатында жүйеге төленеді. АҚШ-тың Еңбек департаменті жүйеге қадағалауды жүзеге асырады, бірақ жұмыссыздық жөніндегі негізгі (базалық) сақтандыру бағдарламасына әрбір штат әкімшілік етеді. Базалық бағдарлама көпшілік штаттарда жұмыссыздардың алдыңғы жалақысының шамамен жартысының орнын толтыра отырып, 26 аптаға дейін орташа жәрдемақы береді. Штаттар қаржыландырудың айтарлықтай бөлігін қамтамасыз етеді және жұмыскерлерге жәрдемақы төлеуді тікелей жүзеге асырады; Федералдық Үкімет әкімшілік шығыстарға ғана ақы төлейді. Тұрақты Ұзартылған жәрдемақы (бұдан әрі – ҰЖ) бағдарламасы, әдетте, жұмысты халықпен қамту жағдайы айтарлықтай ушыққан штаттарда стандартты жәрдемақыларын пайдаланып тауысқан жұмыссыздарға қосымша 13 немесе 20 апта өтемақы береді. Жәрдемақы беру апталарының жалпы саны жұмыссыздық деңгейіне және тиісті штатта жұмыссыздық жағдайына сақтандыру туралы қолданылатын заңнамаға байланысты.

b)      «Бюджеттік қарама-қайшылықтарды кешенді реттеу туралы» шоғырландырылған заң (бұдан әрі – COBRA) медициналық сақтандыруды жоғалтып отырған жұмыскерлерге және олардың отбасы мүшелеріне жұмыстан ерікті және еріксіз шығару, жұмыс сағаттарын қысқарту, бір жұмыстан басқа жұмысқа ауысу, қайтыс болу, айырылысу және басқа өмірлік жағдайлар сияқты белгілі бір жағдайлар туындаған кезде уақыттың шектелген кезеңіне медициналық сақтандыру жоспарымен берілетін топтық медициналық сақтандырудың пайдалануын ұзартуды таңдау құқығын береді. COBRA шеңберінде сақтандырылған жұмыскерлерге, олардың жұбайларына, бұрынғы жұбайларына және асырауындағы балаларға белгілі бір жағдайлар туындаған кезде топтық сақтандыру өтемінің жоғалуы мүмкін болған жағдайларда сақтандыру өтемін ұзартуды ұсыну талап етіледі. Көбінесе COBRA шеңберінде сақтандыру өтемін ұзарту жұмыс істеп жүрген жұмыскерлердің топтық медициналық сақтандыруға төлейтін сомасынан едәуір жоғары, өйткені әдетте жұмыс беруші жұмыс істеп жүрген жұмыскерлердің осындай медициналық сақтандыру шығыстарының бір бөлігін төлейді; бұл ретте, сақтандырудың бар құны медициналық сақтандыру өтемі ұзартылатын жеке тұлғаларға жүктелуі мүмкін.

c)       Еңбекке қабілеттілікті жоғалту/мүгедектік жағдайына кірістерді сақтандыру: бұл еңбекке қабілетсіздікке алып келетін және сақтандырылған адамға өзінің әдеттегі еңбек қызметін жүргізуге мүмкіндік бермейтін аурулар немесе жазатайым оқиға жағдайында қосымша кірісті қамтамасыз ететін сақтандыру өнімі.  Төлемдер, әдетте ай сайынғы негізде жүзеге асырылады, осылайша, сақтандырылған адамға өзінің өмір сүру деңгейін сақтап қалуға және ұдайы шығыстарын төлеп тұруына мүмкіндік береді.

5. Қырғыз Республикасының Медициналық сақтандыру қоры және оның аумақтық басқару органдары міндетті медициналық сақтандыру жарналарын жинауды жүзеге асыруға өкілетті орган беретін ақпараттың дәйектілігін бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

Ресейде Федералдық қор жұмыс істемейтін халықтың міндетті медициналық сақтандыруға сақтандыру жарналарын төлеуін бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде жұмыс істемейтін халықтың міндетті медициналық сақтандыруға сақтандыру жарналарын төлеуден түсетін Федералдық қор кірістері әкімшісі функцияларының орындалуы бойынша  аумақтық қорлардың қызметтеріне тексеру жүргізеді.

Осы және басқа елдерде жарналарды және аударымдарды жинау функциясы қорға (салық органы арқылы) тиесілі, нәтижесінде олар үшін мемлекет жарналар төлейтін адамдардың болжамды санын айқындау функциясының орнын дербестелген есепке алу арқылы оларды төлеуді бақылау функциясы толтырады.

6. Литваның міндетті медициналық сақтандыру туралы заңында Міндетті медициналық сақтандыру қорының күтпеген шығыстарын жабуға арналған резервтерді қалыптастыру міндеті көзделген. Қор резервтің қаражатын ел Үкіметі белгілеген рәсімдерге сәйкес пайдалана алады.

Эстонияда Медициналық сақтандыру қорының заң бойынша белгіленген резервін Әлеуметтік істер министрінің ұсынысы бойынша тек Үкімет белгілеген тәртіптпен ғана пайдалануға болады. Үкіметке ұсыныс бергенге дейін Министр Қордың Байқау кеңесінің пікірін тыңдайды. Қауіптер резервін Байқау кеңесінің шешімі бойынша пайдалануға болады.  Аталған директивалар Эстонияның медициналық сақтандыру қоры туралы заңында көрсетілген.

Ресей Федерациясының Федералдық қорының нормаланған сақтандыру қорының қаражатын пайдалану тәртібін атқарушы биліктің уәкілетті федералдық органы белгілейді.

Әлеуметтік медициналық сақтандырудың қолданыстағы үлгісі бар елдердің резервтерін Медициналық сақтандыру қорлары Үкімет айқындаған, қатаң белгіленген жағдайларда пайдалануға құқылы.  

7. Дәріхана бизнесін реттеудің халықаралық тәжірибесі дәріхана бизнесіне өте либералдықтан бастап өте қатаң бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Дәріхана бизнесі көптеген елдерде жеке меншіктің қолында.  

 

Пайда табу үшін  қолайлы үстеме бағаларға рұқсат етілген, бірақ рецепт бойынша дәрі-дәрмектің бағасы қатаң бақыланады. Рецептісіз дәрі-дәрмектердің (ОТС) бағасы, парафармацевтикалық өнім және медициналық қорлар негізінен бақыланбайды және нарықта бәсекелестік үлгісімен белгіленеді.

Дәрілік заттардың (физикалық қол жетімділік) және дәрі-дәрмектер бағасының  (баға қол жетімділігі) әлеуметтік әсер етуін қараған кезде,  қандай дәрі-дәрмек тобын  мемлекет немесе  медициналық сақтандыру қоры жабатындығы маңызды болып табылады. Бұл көбінесе дәрі-дәрмектерге пациенттердің жеке қаражатын пайдалану  деңгейін анықтайды. Дәрі-дәрмектер мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесіне, өтеу жүйесіне немесе  медициналық сақтандыру қорына көбірек енгізілген сайын,  пациенттің үлесі азаяды. Жалпы, дамыған елдерде барлық рецепт бойынша дәрі-дәрмектер мемлекет қаражатының және (немесе) медициналық сақтандыру қорының есебінен өтеледі.

Барлық дамыған елдерде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдар рецепт бойынша дәрі-дәрмектің бағасын бақылауға өкілетті. Бұл, негізінен,  бірнеше деңгейде жүзеге асырылады:

патенттелген дәрі-дәрмектерге, жаңа дәрі-дәрмектер арналған бағаларды сыртқы референттік баға қалыптастыру арқылы  бақылау;

әртүрлі тетіктер арқылы орнын толтыру жүйесінде генерикалық                дәрі-дәрмектерге (активті заты бір,  барлық брендтелген және брендтелмеген генериктер)  арналған бағаларды бақылау;

шекті бағаларды белгілеу немесе дәрі-дәрмектің түріне және жағдайдың ауырлығына  (өмірлік маңызды / негізгі / қосалқы) байланысты қоса төлеу  деңгейін белгілеу;

ішкі референттік баға қалыптастыру арқылы қоса төлеу деңгейін белгілеу;

ішкі референттік баға қалыптастыру, тендерлік үрдістер арқылы генериктердің арасындағы бәсекелестікті ынталандыру, немесе басқарылатын нарыққа кіру келісімдер (жеткізу  шарты мен бағасы қолайлы артықшылықты өнім беруші);

арнайы бақылау және қаржыландыру тетіктері түзетілген  қымбат                    дәрі-дәрмек тізімі.

Медициналық сақтандыру жүйесінің шеңберінде рецепт бойынша дәрі-дәрмекті неғұрлым кең қамту  қордың дәрілік заттарды сатып алушы және бағаны бақылайтын билік ретінде Министрліктің ұстанымын күшейтуге ықпал ететін болады.

Көптеген елдерде шығыстарды рецепт бойынша дәрі-дәрмекке бөлу деңгейлері, стационарлық  қызметке немесе амбулаториялық көмекке қарағанда неғұрлым жоғары. Көптеген елдер фармацевттердің дәріхананы иелену құқығын шектейді. Кейбір елдерде  фармацевт болып табылмайтын  және дәріхана иесі болып табылатын адамдардан дәрілерді босатуға және пациенттерге консультация беруге жауапты фармацевттің болуын талап ете отырып шарттар қойылады.

Кейбіреулері бір ғана дәріхананы басқаруға рұқсат етеді (мысалы, Греция, Португалия, Испания және Канададағы Жаңа Шотландия) немесе корпорациядағы акционерлердің немесе директорлардың көпшілігінің фармацевт болуын талап етеді. Сондай-ақ, дәріхана иесінің фармацевт болуын талап ететін ережелердің де болуы мүмкін (мысалы, Аустрия, Финляндия, Германия, Италия, Испания және Канададағы Квебек пен Онтарио). Бұл ережелер фармацевттердің тәуелсіздігін коммерциялық қысымнан қорғау үшін әзірленген.

Лицензиялау рәсімдері арқылы, сондай-ақ бір дәріханада қызмет көрсетілетін тұрғындарды есепке ала отырып, дәріханалар ашудың көптеген түрлері бар.

Жекелеген елдерде  дәріханалардың табысын тікелей бақылау жүзеге асырылады, алайда, бұл   кірістер мен шығыстардың жақсы дамыған және заманауи деректер қорының болуын талап етеді,  дәріхана табысын бақылау үрдісі күрделі болып табылады. Рецепт бойынша дәрі-дәрмектен түскен пайда мен пациенттерге көрсетілген қызметтерден түскен пайданың, сондай-ақ дәрілік зат болып табылмайтын  рецептісіз дәрі-дәрмек пен өнімдерден алынған пайданың арасында айқын шектеулер болуы тиіс. Пайданы бақылау Ұлыбританияда қолданылады.

Кейбір елдерде дәріхана пайдасының деңгейіне ай сайын кірістері мен шығыстарына мониторинг жүргізілетін дәріханалар үлгісі арқылы мониторинг жүргізіледі. Бұл мысал Нидерландта жүзеге асырылады. Осындай зерттеулердің нәтижелері үстеме бағаны арттыруды негіздеу үшін немесе дәріхана қауымдастығы мен ұлттық  денсаулық сақтау органы арасындағы  келіссөздер жүргізу барысында шектен тыс пайда көргендіктен қаражатты бюджетке қайтару талабы үшін пайдаланылады. Сондай-ақ дәріхананың көлемі мен клиенттердің саны ескеріле отырып, қалалық және ауылдық дәріхана экономикасы арасында да ажырату жүргізіледі.

Дәріхана қызметіне дәрі-дәрмекке үстеме баға (% немесе  жергілікті валютадағы тіркелген сомасы), қызмет көрсеткені үшін қаламақы  (әрбір рецепт үшін қаламақы немесе кеңес бергені үшін жеке  қаламақы) арқылы ақы төленуі мүмкін.

 Үстеме бағаны Үкімет рецепт бойынша дәрі-дәрмек үшін белгілейді және оларды пайда деңгейлерімен шатастыруға болмайды. Маржа немесе үстеме баға бір өнімге немесе өнімдер сызығына белгіленеді. Бірақ пайда жалпы шығыстарды шегере отырып, жалпы кіріске байланысты.

Үстеме бағалардың әртүрлі жүйелері бар:

дәрі-дәрмекті сатып алу бағасына пайыздық үстеме баға (%);

қымбат тұратын дәрі-дәрмек үшін шамадан тыс үстеме бағалардан аулақ болу үшін жергілікті валютада ең жоғары соманы белгілеумен дәрі-дәрмекті сатып алуға пайыздық үстеме баға;

фармацевттер тарапынан тек қымбат тұратын дәрі-дәрмекті сатуына жәрдемдеспеу үшін дәрі-дәрмектің бағасына қарамастан жергілікті валютада бекітілген сома;

кез келген дәрі-дәрмекті беру үшін бірдей уақыт пен күш салу талап етілетінін болжамдай отырып, әрбір рецепт үшін (белгіленген дәрі-дәрмекке қарамастан)  жергілікті валютада бекітілген сома;

регрессивті үстеме баға, яғни қымбат тұратын дәрі-дәрмек жағдайында         дәрі-дәрмектің бағасынан төмен % және төмен бағасы бар дәрі-дәрмек үшін жоғары %.

Рецепт бойынша дәрі-дәрмекке бағаларды мемлекеттік реттеу халықаралық практикада денсаулық сақтауды бюджеттік қаржыландыруы бар елдерде де, сондай-ақ медициналық сақтандыру жүйесі бер елдерде де қолданылады.

 

10. Заң жобасын іске асыруға байланысты болжамды қаржылай шығындар

Заң жобасын іске асыру республикалық бюджет шығыстарының қысқаруын болжамдайды.