Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында «Мұрағат анықтамаларын беру», «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»  түрлері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. 

Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аталған қызметтерді алу тәртібі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұрады. 

 

 

2017 жылдың ІІІ тоқсанында көрсетілген 

мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында «Архивтік анықтамалар беру», «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» түрлері бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2017 жылдың ІІІ тоқсанында «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі бойынша барлығы 4357 қызмет көрсетілді (с.і 1023-і Мемлекеттік корпорация арқылы, 482-і қағаз түрінде, 1046 –ы «электрондық үкімет» веб-порталы және 1806-ы қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы).

Есепті мерзімде «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметі бойынша қызмет көрсетілген жоқ.

Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аталған қызметтерді алу тәртібі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұрады. 

Басқармада көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2017 жылдың  2-ші жартыжылдығына арналған жоспарға сәйкес, шілде айында Зеленов, Бөкейордасы, Қаратөбе аудандық архивтерінде, қыркүйек айында Жәнібек, Казталовка, Қаратөбе және Теректі аудандық архивтерінде «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, қызметті алу жолдарын түсіндіру мақсатында семинар-кеңестер мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

2017 жылдың ІІІ тоқсанында мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 

 

2017 жылдың ІІ тоқсанында «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі бойынша барлығы 4517 қызмет көрсетілді (с.і 1062-і Мемлекеттік корпорация арқылы, 455-і қағаз түрінде, 1187 –і «электрондық үкімет» веб-порталы және 1813-і қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы).

Есепті мерзімде «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметі бойынша 1 қызмет (маусым айында) көрсетілді.

Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аталған қызметтерді алу тәртібі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып тұрады. 

Басқармада көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған жоспарға сәйкес, сәуір айында Жәнібек ауданының мемлекеттік архивінде білім беру саласы қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, «Мұрағаттық анықтама беру» мемлекеттік қызметін алу тәртібі түсіндірілді.

Сәуір айына жоспарланған Казталов аудандық архивінің «Ведомстволық архивтермен жұмыс» тақырыбындағы семинары мамыр айында өткізілді.

Сонымен қатар мамыр айында Жаңақала, Бөрлі, аудандық архивтерінде, маусым айында Қаратөбе аудандық архивінде  жоспарланған семинарлар өткізіліп, «Қаратөбе өңірі» газетінде архивист Ж.Хайрованың мемлекеттік қызмет туралы мақаласы жарық көрді. 

2017 жылдың ІІ тоқсанында мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ, мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ. 

 

2016 жылы «Мұрағат анықтамаларын беру» қызметі бойынша барлығы 16313 өтініш қабылданып, (с.і 4698-і Мемлекеттік корпорация арқылы, 1950-і мұрағаттың өзінде, 9665-і  электрондық түрде) жауап берілді.

Есепті мерзімде «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» қызметі бойынша  2 қызмет, «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»  қызметі бойынша 1 қызмет көрсетілді.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдар тіркелген жоқ. 

 

2015 жылы аталған қызметтер бойынша барлығы 15780 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Соның ішінде:

- «Мұрағаттық анықтамалар беру» қызметі бойынша барлығы 15765 қызмет көрсетілген болса, оның  5277-і «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы көрсетілген.

- «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» қызметі бойынша 13 қызмет көрсетілген.

- «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» қызметі бойынша  2 қызмет көрсетілген.

2015 жылы «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік  қызмет көрсету бойынша барлығы 7 мемлекеттік қызметтің (Жаңақала, Қаратөбе және Тасқала аудандарында - 1, Теректі ауданында - 4) орындалу мерзімдерінің  бұзылу фактісі анықталып, архив директорлары мен жауапты орындаушылар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсетуде шағымдар тіркелмеген.

Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау әдістемесіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету карточкасы енгізілді, онда алушылар құжаттарды алу кезінде көрсетілген мемлекеттік қызметтерге өзінің бағасын көрсетеді.

 

2014 жылы аталған қызметтер бойынша барлығы 13711 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Соның ішінде:

- «Мұрағаттық анықтамалар беру» қызметі бойынша барлығы 13704 қызмет көрсетілген болса, оның  2115-і «бір терезе» қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы көрсетілген.

- «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» қызметі бойынша 6 қызмет көрсетілген.

- «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» қызметі бойынша  1 қызмет көрсетілген.

Мемлекеттік  қызметтер көрсетуде мерзімдерін кешіктіру немесе мерзімдерін бұзу фактісі тіркелген жоқ. Осы есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсетуде шағымдар тіркелмеген.

Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау әдістемесіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету карточкасы енгізілді, онда алушылар құжаттарды алу кезінде көрсетілген мемлекеттік қызметтерге өзінің бағасын көрсетеді.