Батыс Қазақстан облысы бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 162 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 тамызда № 3988 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
      2) алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 24.02.2017 № 54 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 24.02.2017 № 54 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. 2014 жылғы 4 мамырдағы № 100 "Батыс Қазақстан облысы бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3557 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 маусымдағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) және 2014 жылғы 28 қазандағы № 280 "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 100 "Батыс Қазақстан облысы бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3687 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 желтоқсандағы "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      3. "Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Д. А. Құсайынов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. М. Мәкенге жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің міндетін атқарушы А. Өтеғұлов

 

 

  2015 жылғы 7 шілдедегі № 162
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

 "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 1. Жалпы ережелер

      1. "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 166/1 мекенжайы бойынша орналасқан "Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы көрсетіледі.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижеcін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) www.elicense.kz, www.e.gov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған).
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік (бұдан әрі – куәлік) немесе стандарқа сәйкес жазбаша уәжді түрде бас тартады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық нысан.
      Куәлiктi қағаз жеткiзгiште алуға өтiнiш бiлдiрiлген жағдайда, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi электрондық форматта ресiмделiп, басып шығарылады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мөрiмен куәландырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі-мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (іс-әрекетін) бастаудың негізі көрсетілетін қызметті алушымен (не оның уәкілетті өкiлi) жүгінген кезде стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетуді процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерімен 15 (он бес) минуттың ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылған құжаттарды қабылдау, тіркеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен 2 (екі) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарды қарау және жауапты орындаушыға жіберу;
      3) көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күнінен көп емес уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жауапты орындаушымен дайындау;
      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне порталға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі дайын екені туралы хабарлама жолдау.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді түрде бас тартады.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі келесі рәсімді орындауды бастау үшін негіз болып табылады:
      1) мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдау, тіркеу және оны басшыға жіберу;
      2) жауапты орындаушының қарауы үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысының бұрыштамасы;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жауапты орындаушымен рәсімдеу және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру;
      4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне порталға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі дайын екені туралы хабарлама жолдау.

 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын қызмет берушілердің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      9. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) дәйектілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдайды, құжаттардың Стандарттың 9 тармағына сәйкестігін тексереді. Егер құжаттар көрсетілген талаптарға сай болса, онда көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу мөртабаны басылған (кіріс нөмірі, күні) өтініштің көшірмесі беріледі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолданады 15 (он бес) минуттан көп емес;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысып, жауапты орындаушыны белгілейді 2 (екі) сағаттың ішінде;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды тексеріп, зерделейді және құжаттар мен заттарды сараптамалық комиссияның қарауына жіберуді жүзеге асырады 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      4) сараптамалық комиссия сараптама жүргізеді және сараптаманың қорытындысы бойынша сараптамаға ұсынылған затты мәдени құндылық ретінде тану не сараптамаға ұсынылған заттың мәдени құндылығының жоқтығы туралы қорытындыны ресімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды 6 (алты) жұмыс күні ішінде;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (куәлік) дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды 15 (он бес) минуттың ішінде;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беруді жүзеге асырады 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

 4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық

 жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет беруші мен қызмет алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірі және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірі, сондай-ақ пароль (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталда тіркеу жүргізеді;
      2) 1 - процесс – көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушымен порталға жеке сәйкестендіру нөмірін және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірін және паролін (авторизациялау процесі) енгізу;
      3) 1 - шарт - жеке сәйкестендіру нөмірі және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірі және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерінің дұрыстығы порталда тексеріледі;
      4) 2 - процесс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты авторизациядан бас тарту жөнінде порталда хабарлама қалыптастырылады;
      5) 3 - процесс – көрсетілетін қызмет алушы осы регламентте көрсетілген көрсетілетін қызметті таңдайды, стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде сұраныс нысанына жалғайды, үлгілік талаптарын және оның құрылымын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушымен нысанды толтыру (мәліметтерді енгізу) және қызметті көрсету үшін сұраныс нысандарын экранға шығарады, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушымен сұранысты (қол қою) куәландыру үшін электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігін таңдайды;
      6) 2 - шарт – порталда электрондық цифрлық қолтаңбамен тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігі (сұраныста көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңба тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірі аралығын) тексеріледі;
      7) 4 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастырылады;
      8) 5 - процесс – көрсетілетін қызметті беруші сұранысты өңдеу үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) электрондық үкімет шлюзі арқылы электрондық үкіметінің аумақтық шлюзі автоматтандырылған жұмыс орнына жолдайды;
      9) 3 - шарт - көрсетілетін қызметті беруші қызметті көрсетуге негіз болатын стандарттың 9 тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушы жалғаған құжаттарды тексереді;
      10) 6 - процесс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту жөнінде хабарлама қалыптастырылады;
      11) 7 - процесс – көрсетілетін қызметті алушымен порталда қалыптастырылған қызметтің нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алу. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде порталға өтініш берген кезден бастап 10 (он) жұмыс күннің ішінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттері осы регламенттің 1 қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы порталда, көрсетілетін қызметі берушінің интернет-ресурсында орналыстырылады.

 

  "Мәдени құндылықтарды
уақытша әкету құқығына
куәлік беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
  1 қосымша

 Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша функционалдық өзара әрекеттерінің диаграммасы

reglament 1      


      Шартты белгілер
reglament 2      

 

 

  "Мәдени құндылықтарды
уақытша әкету құқығына
куәлік беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
2 қосымша

 "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

reglament 3      


      Шартты белгілер:
reglament 4