Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 22 сәуірдегі
№ 146 бұйрығына
4-қосымша

«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер

Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).
  2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi.
  3. Мемлекеттiк қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарынымен (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижеcін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.elicense.kz, www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде – 10 (он) жұмыс күнi;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты – 10 (он) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.

Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді түрде бас тартады.

  1. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нысаны: электрондық нысан (iшiнара автоматтандырылған).
  2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10320 болып тіркелген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк (бұдан әрi – куәлiк), не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру нысаны: электрондық нысан.

Куәлiктi қағаз жеткiзгiште алуға өтiнiш бiлдiрiлген жағдайда, мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi электрондық форматта ресiмделiп, басып шығарылады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мөрiмен куәландырылады.

Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.
  2. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiде – көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз, кезек күту тәртiбiмен, көрсетiледi;

2) порталда – тәулiк бойы, жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның уәкілетті өкiлi) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) заңды тұлғаның сенімхат немесе нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке тұлғаға) - көрсетілетін қызметті алушының өкiлi жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

мәдени құндылықтарға меншiк құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;

қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шарттың көшiрмесi;

мәдени құндылықтардың беткi жағы мен керi жақтары суреттелген А-5 форматындағы екi фотосуретi;

заңды тұлғалар үшiн – уақытша әкету кезеңiне мәдени құндылықтардың сақталуы үшiн белгiлi бiр адамға жауапкершiлiк жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;

сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттар;

2) порталға:

көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

мәдени құндылықтарға меншiк құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшiрмесi;

қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шартының электрондық көшiрмесi;

мәдени құндылықтардың беткi және керi жақтары суреттелген А-5 форматындағы электрондық фотосуретi;

заңды тұлғалар үшiн – сұрау салуға қоса тiркелетiн, уақытша әкету кезеңiне мәдени құндылықтардың сақталуы үшiн белгiлi бiр адамға жауапкершiлiк жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығының электрондық көшiрмесi;

көрсетiлетiн қызметтi алушы сараптамаға жататын мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттарды (көрсетiлетiн қызметтi берушiге қолма-қол ұсынады).

Жеке басын куәландыратын, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкiмет» шлюзі арқылы   тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынылған заттар қабылдау және өткiзу журналында белгіленеді. Сараптама өткізілген кейін ұсынылған заттарды қабылдау және өткiзу журналына белгi қоюмен көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге – өтiнiштiң көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдаудың күнi мен уақыты көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу туралы белгi өтiнiштiң қағаз жеткiзгiште қабылданғанын растау болып табылады;

2) портал арқылы – «жеке кабинетiнде» көрсетiлетiн қызметтi алушының өтініштер тарихында мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетiле отырып.

9-1. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) әкетілетін мәдени құндылықтарды реставрациялау мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, олардың қанағаттанарлықсыз физикалық жай-күйі;

3) мәдени құндылықтардың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы;

4) мәдени құндылықтың уақытша әкету мақсатының «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 35-бабының 1-тармағымен сәйкес келмеуі негіздер болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.

Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда: шағым Министрлiктің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.

Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол тапсырылады.

Көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған шағымда:

1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), почталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

Шағымның көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркелуi (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күн iшiнде қаралуға жатады.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Сондай-ақ, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414 немесе портал арқылы алуға болады.

Шағым портал арқылы жiберiлген кезде, көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинеттен» өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, бұл ақпарат көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу барысында (жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, шағымды қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның мекенжайына келiп түскен шағым тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетудiң ерекшелiктерiн ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері: ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустармен жабдықталған.
  2. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн орындардың мекенжайлары Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде орналастырылған.
  3. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi электрондық цифрлық қолы болған жағдайда, электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкiндiгi бар.
  4. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi жөнiндегi ақпаратты порталдың «жеке кабинетi» арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алуға мүмкiндiгi бар.
  5. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.mks.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде көрсетiлген. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлiк беру»
мемлекеттiк көрсетiлген
қызмет стандартына
қосымша

Нысан

________________________________

(облыстың, республикалық маңызы бар қала мен

_____________________________________

астананың жергілікті атқарушы органы)

_____________________________________

_____________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

немесе заңды тұлғаның атауы)

ӨТІНІШ

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беруіңізді сұраймыз

1) _________________________________________________________________

2) _________________________________________________________________

(атауы, сипаттама, саны)

Әкету мақсаты: _____________________________________________________

(орналасқан жері және елдің атауы)

____________________________________________________________________

Өтініш берушінің деректері: ________________________________________

(туылған күні, азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,

____________________________________________________________________

оның берілген күні, тұратын жері, байланыс телефондары немесе заңды тұлғаның деректемелері)

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартымен көзделген ақпараттық жүйелердегi мемлекет қорғайтын құпия болып табылатын ақпараттарды пайдалануға келiсiм беремiн.

Өтініш берушінің қолы _________              Күні ___________

Мөр үшін орны
(заңды тұлға үшін)

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 22 сәуірдегі
№ 146 бұйрығына
5-қосымша

Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 02.03.2017 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.