БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫ

 

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Батыс Қазақстан облысында мәдениет және өнер, архив ісі және құжаттама жасау қызметі саласында (ларында), басшылықты жүзеге асыратын облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган болып табылады.

 

Басқарманың функциялары:

- мәдениет саласындағы, архив ісі мен құжат жасауда мемлекеттік саясатты іске асырады;

- театр, музыка және кино өнерi, мәдени-демалыс қызметi, кiтапхана және музей iсi саласында облыстың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

- театр, музыка және кино өнерiн, мәдени-демалыс қызметi мен халық шығармашылығын, кiтапхана және музей iсiн дамыту бойынша облыстың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарының қызметiн қолдайды және үйлестiредi, облыстың мәдениет саласындағы тиісті мекемелерінің қызметiн қамтамасыз етедi;

- шығармашылық қызметтiң түрлi салаларында облыстық (өңiрлiк) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

- уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастырады;

- облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ, пайдалану және елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

- мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегі сараптама комиссиясын құру және ол туралы ережені бекіту туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

- тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметiне мониторингтi жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ, белгіленген нысанда статистикалық есептер бередi;

- облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзудi жүзеге асырады;

- облыстың мемлекеттiк мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткiзедi;

- өз құзыретi шегiнде мәдениет саласындағы коммуналдық меншiктi басқаруды жүзеге асырады;

- облыстың мәдени мақсаттағы объектiлерiнiң құрылысы, реконструкциясы және жөнделуi бойынша тапсырысшы болады;

- тарихи-мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;

- мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;
            - облыстың мемлекеттiк кiтапханаларының бiрiне "Орталық" мәртебесiн беру туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;

- талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

- мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

- ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;

- тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштерін ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;

- тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, қорғауды және оларға ғылыми-реставрациялау жұмыстарын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды көздейдi;

- мемлекет меншігі болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы мәселені шешеді;

- уәкiлеттi органмен келiсе отырып, қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз етедi;

- тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылайды;

- Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы заңдарын бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш жасайды;

- облыстың жергiлiктi өкiлдi органына тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөнiнде комиссиялар құру туралы ұсыныстар енгізедi;

- тарихи-мәдени мұра обьектілерін анықтау, есепке алу, қорғау жөнінде жұмыс жүргізеді;

- монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;
            - мемориалдық тақта орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;

- тарих және мәдениет ескерткiштерi мен оларды қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түрлерiне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, салу және қайта жөндеу жобаларын қарайды және келiседi;

- мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерi мен тарих және мәдениет ескерткiштерiмен байланысты қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалануды жүзеге асырады;

- тиісті аумақтарда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ, оларға археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

- тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелеріне және пайдаланушыларына олардың "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны туралы нұсқамалар береді;

- Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал етудің өзге де шараларын қолданады;

- тарихи-мәдени мұра объектiлерiн жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi деп таниды және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосады;

- жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айырады және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының және "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының бесінші бөлігі талаптарының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастайды;

- жер қойнауын пайдаланумен байланысты ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар объектілердің сақталуына жәрдемдеседі;

- облыстың мемлекеттік архивтерінің сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру;

- облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

- коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғау, оларды сақтау мен пайдалану;

- құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

- облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыру;

- облыстың аумағында орналасқан, Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жасау және бақылау жасау;

- жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастыру;

- сараптау-тексеру комиссиясы туралы ережені бекіту туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;

- Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшін пайдалану;

- облыстың тарихы бойынша архив құжаттарын жинау және қайтару;

- Ұлттық архив қорының толықтыру көздері болып табылатын, облыс аумағында орналасқан ұйымдардың құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың қағидаларын келісу;

- Ұлттық архив қорын қалыптастыру және толықтыру көздері болып табылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың құжаттарын жоюға келісу;

- Ұлттық архив қорын қалыптастыру және толықтыру көздері болып табылатын жеке меншіктегі ұйымдардың құжаттарын архивтың орналасқан жеріне қарай жоюға келісу;

- өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асырады;

- тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мен күтіп ұстау ережесін облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсынады;

- жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының заңды мекен-жайы:  

БҚО, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 166/1 үй, инд. 090000

Қабылдау бөлмесі: 50-45-89

Е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Ресми интернет-ресурсына сілтеме: http://culture-bko.gov.kz/

 

Басшылық құрамы

 

Аты-жөні

Лауазымы

1

Мұсағалиев Қадырболат Қабдырұлы

Басқарма басшысы

2

Дүйсентегі Сайран Темірғалиұлы

Басқарма басшысының орынбасары

3

Иночкин Вячеслав Анатольевич

Басқарма басшысының орынбасары

 

Сенім телефоны: 50-44-99